Ақпарат

Мектепте азаматтардан тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамалары талап етілмейтінін хабарлаймыз.

Тіркелу

Сенім телефоны

жұмыс тел: мектеп директоры

Кафизов Нұржан Бахриденұлы

8 (7187) 40 04 85

WatsApp: 87058148974

Облыстық білім беру басқармасының

сенім  телефоны 
8 7182 320560

Білім додасындағы жеңістер

Мектебіміздің «Бағы да, бабы да» бірге шапқан дарынды оқушылары республика, облыстық сайыстарда үкілеп қосқан ұстаздарының сенімін ақтады. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, «Құрмет» орденінің иегері, академик Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті бойынша республикалық олимпиадасына еліміздің әр облысынан 200 -ден аса оқушы қатысты. Облысымыздың намысын терең теориялық біліммен қаруланған, өз қатарларынан озып шыққан 12 тіл майталмандары қорғады. Мектебіміздің мақтаныштары 11-сынып оқушысы Меруерт Шакенова І орын, 10-сынып оқушысы Тулеутаева Айдана ІІ орын алып, «ең қымбат қазына – терең білім» екенін дәлелдеді. Оқушыларына тіл білімінің қыр – сырын үйретіп, әдебиетіміздің асыл маржанын меңгертіп, білім бәсекесіне сай дайындаған дарынды ұстаз – Қымбат Қабатайқызы Қапашева дайындаса, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында өткізілген облыстық Е. Бекмаханов атындағы турнирде 11 мамандандырылған мектептердең қатысқан 33 оқушының ішінде «Тұран» тобы 8-сынып оқушылары Даяна Аманкелді, Дильназ Мерғалиева, Саида Акипова ІІІ орынды иеленді. Туған өлкенің тарихын зерделеуде жаңа форматты сайыста тарих,география пәнінен білімдерінің жүйелілігін көрсетті. Дайындаған пән мұғалімдері: Умыт Кенжебекова, Арайлым Тұрғанбаева, Алия Темирханова. Күні кеше 27 сәуірде өткен Назарбаев Зияткерлік мектебінде өткен робототехника сайысына қатысқан оқушыларымыз үлкен қуаныш үстінде. Ел Президенті Қасым – Жомарт Тоқаевтың олар құрастырған жобаның қасына келіп сөйлесуі, фотоға түсуі 6-сынып оқушысы Есімхан Байсауыптың есінде ұзақ сақталары сөзсіз.Президенттің роботтардың жүру сызбасы туралы қойған сұрағына мүдірмей жауап берген Есімхан – мектебіміздің мақтанышы. Есімханның Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, Білім және Ғылым министрі К.Шамшиденова мен облыс әкімі Б. Бакауовтың қасында түскен суретіне оқушылар қызыға қарап, ұстаздары болашағынан зор үміт күтеді. Әмірлан Қабиден (10-с), Есімхан Байсауп (6-с.), Інжу Ғалым (2-с) құрастырған су бетіндегі қоқысты жинайтын роботтары сайыста ІІІ орын алды. Робототехнологияның әдіс – тәсілдерін үйретіп, дайындаған ұстаздары Арайлым Нуртаева, Мансур Калиев