2014/2015 оқу жылы «Алтын руно» ойын-сайысында 6б сынып оқушылары Умарова Асель, Серикова Әдемі, Серикбаева Фариза;7а сынып оқушылары Мусина Амина, Жақсыбай Зарина, Серикова Жансая; 7б сынып оқушысы Қаңтарбай Әмір, 8а сынып оқушылары Зикеева Зарина, Жарылгапова Анель; 9б сынып оқушысы Идрисова Айя барлық қатысушылардың (Қазақстан, Ресей және т.б. мемлекеттер) арасында І орындарды жеңіп алды. «Алтын руно» сайысы тапсырмалары 3 күнге беріліп, оқушылар кітапханадағы әдебиеттен және интернет арқылы жауаптарын іздейтінін еске саламыз. Бұл – отбасылық сайыс! Жылда «Алтын руно» сайысын асыға күтіп, отбасымен қатысатын ата-аналарды жеңісімен құттықтаймыз!