2015  жылдың 30-шы қазанында«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен мамандандырылған «Жас дарын» мектебінде өткізілген Х республикалық  «Мұқағали Мақатаев оқулары» байқауының облыстық кезеңіне   19 оқушы қатысты.

 «Менің пірім - Мұқағали» атты жыр бөлімінде оқушылар  ақын өлеңдерін жатқа оқыды. «Жауқазын жыр жанымды жүр мазалап» бөлімінде жас ақындар өз туындыларымен таныстырды. «Жыр эстафетасында»  қатысушылар  ақынның «Аққулар ұйықтағанда» және “Райымбек, Райымбек» поэмаларын мәнеріне келтіре отырып жатқа оқыды. Сайыстың төртінші бөлімінде берілген ұйқасты пайдалана отырып, тұжырымды, түйінді  шумақтарды қолма-қол шығарып, шабытты жырларын ұсынды. «Өлеңмен өрілген ой» бөлімінде берілген өлең құрылысына қарай талдау жасады. «Мұқағали мұрасын кім көп біледі?» бөлімінде 1 минуттың ішінде  ақын өмірі мен шығармашылығынан қаншалықты деңгейде хабардар екендігін анықтайтын 10 сұраққа жауап берді.

 

   Біздің мектептен қатысқан 10 сынып оқушысы Ерғали Толқын 2 дәрежелі дипломға ие болды. Дайындаған пән мұғалімі Сыздықова С.А.