Мағжан оқулары

 

                 ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!       Өлең менің - Шолпаным...

Қыркүйек айында өткен мектепішілік Мағжан                     оқуларының   жеңімпазы  8-сынып оқушысы Манапова Зарина   мектеп намысын абыроймен қорғап,               V облыстық   Мағжан оқуларында  «Өлең– менің Шолпаным, Айым, Күнім»   ақын шығармаларын жатқа оқу бағыты бойынша  ІІ орынды   жеңіп алды! Әділқазы мүшелері Зарина жаттаған ақын   шығармаларының ішіндегі  «Балапан қанат қақты» прозасы,   «Толқын» және мысал өлеңдерінің, оқылу мәнеріне   ырзалықтарын білдіріп, мектеп беделінің, ұстаз мерейінің,   мәнерлеп оқудың шәкірт алдына қойған талаптың   орындалуының белгісі екендігін атап өтті. Пән мұғалімі   Назымгүл Құдышқызына ақын шығармаларын оқушы       зердесіне    құюдағы ыждаһатты еңбегіне алғыс айта отырып,    ендігі меже – республика дейміз!