Сенім телефоны

жұмыс тел: мектеп директоры

Кафизов Нұржан Бахриденұлы

8 (7187) 40 04 85

WatsApp: 87058148974

Облыстық білім беру басқармасының

сенім  телефоны 
8 7182 320560

Ашық бюджет

Тіркелу

Оқу орындарында «Қазақстан Республикасының Конституциясы сабағын» өткізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар

Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін мерекелеудің қазақстандық қоғам үшін маңызды жалпы мемлекеттік мәні бар.

Республикамыздың Конституциясы-мемлекеттің негізгі заңы. Ол ел мемлекеттілігі мен егемендігінің, заңдылық пен құқықтық тәртіптің заңдық негізі, барлық заңнама мен құқық қолдану практикасы негізделген іргетас болып табылады.

Конституция «Біз қайда барамыз? Біздің түпкі мақсатымыз қандай? Және біз оған қалай қол жеткізе аламыз?» деген сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік беретін қоғам мен мемлекет қозғалысының негізгі бағыттарын анықтайды.

Осы жылдар ішінде Қазақстан Конституциясы өзінің жоғары тиімділігін көрсетті, бейбітшілік, келісім және көркеюді, елдің қарқынды дамуын, қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруды, жас және болашаққа ұмтылған мемлекетке деген сенім мен құрметтің артуын қамтамасыз етті.

Өскелең ұрпақ үшін ҚР Конституциясы туралы білімнің ерекше маңыздылығын ескере отырып, Конституциялық Кеңес оқу жылының басында еліміздің білім беру мекемелерінде ҚР Конституциясына арналған жалпы республикалық ашық сабақ (бұдан әрі – Конституция сабағы) ұйымдастыру және өткізу туралы бастама көтерді. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі осы бастаманы қолдады.

Сабақтың басты мақсаты-Негізгі Заңды мақсатты түрде зерделеу арқылы оқушылардың конституциялық-құқықтық мәдениетін, Конституциялық патриотизмін қалыптастыру және арттыру. 

Сабақтың міндеттері: оқушылардың Конституция туралы түсініктерін кеңейту, Конституцияда көрсетілген нормалар мен құндылықтарды құрметтеуге, өз құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін білуге тәрбиелеу, конституциялық патриотизм сезімін дамыту.

Қажетті оқу жабдықтары: оқушыларға арналған жұмыс парақтары, компьютерлер мен мультимедиялық жабдықтар, Интернет.

Сабақ мазмұнының шешуші элементтері: Конституция, Заң, мемлекеттік рәміздер, Мемлекеттік билік органдары, адам құқықтары мен міндеттері, ҚР Президенті, Парламент, Үкімет, Конституциялық Кеңес, соттар, прокуратура, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару.

Сабақ жүргізудің ықтимал тәсілдері: дәріс, топпен әңгімелесу, оқушылардың қысқаша хабарламалары, сұрақтар мен жауаптар.   

Оқушылар жұмысының белсенді нысандарына басымдық беріледі, өзекті анықтамалық материалдарды тарту көзделеді (қоса беріледі).

Сабақтың құрылымы:

- Оқу орны басшылығының және оқытушының кіріспе сөзі;

- шақырылған адамдардың хабарлары (шақырылған жағдайда): Конституциялық Кеңестің өкілдері, құқықтанушы-ғалымдар, тарихшылар, өкілді органдардың депутаттары, құқық қорғау органдарының, соттардың және басқа да құқық қорғау құрылымдарының өкілдері (адвокаттар, нотариустар, ұйымдардың заңгерлері және басқалар);

- оқушылармен әңгімелесу;

- сұрақтар мен жауаптар;

- қорытындылау.

 

Кіріспе сөз

Кіріспе сөзде келесі сәттер көрсетілуі мүмкін:

- ҚР Конституциясы – Қазақстан халқы қабылдаған біздің өміріміздің Негізгі Заңы; 

- ҚР Конституциясы белгілі бір құрылымға (бөлімдерге) ие;

- ҚР Конституциясы біздің мемлекетіміздің азаматтарына көптеген құқықтар мен бостандықтарды, ең алдымен – білім алу құқығын береді;

- ҚР азаматтары өздерінің конституциялық міндеттерін орындауы тиіс.  

Шақырылған адамдардың хабарламалары

Шақырылған адамдар өз сөздерінде өздері ұсынатын ұйымдардың қызметін реттейтін конституциялық ережелер, сондай-ақ олардың адамның конституциялық құқықтарын қорғау бойынша жүргізіп жатқан жұмыстары туралы нақты мысалдар келтіре отырып айтып бере алады.  

 Оқушылармен әңгімелесу қажет болған жағдайда көрнекі көрсету құралдарын пайдалана отырып, еркін түрде жүргізілуі мүмкін. Мұндай қарым-қатынас түрі сұрақтар мен жауаптар форматына өтуі мүмкін.

Әңгімелесу үшін қойылуы мүмкін сұрақтар:

(оқушылардың жасы мен білімін ескере отырып, оқытушы іріктейді және түзетеді).

  1. Біздің еліміздің 30 тамызда атап өтілетін мемлекеттік мерекесі қалай аталады?
  2. Конституция дегеніміз не? ҚР Конституциясы қашан және кім қабылданды?
  3. Конституциямен қандай мәселелер реттеледі?
  4. ҚР Конституциясына сәйкес мемлекеттің ең жоғары құндылығы?
  5. Қазақстан азаматтарының Өздеріңізге белгілі құқықтары мен бостандықтары туралы айтып беріңізші?
  6. Қазақстан азаматтарына қандай міндеттер жүктеледі?
  7. Қандай мемлекеттік билік органдарын білесіздер?
  8. Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттарға қандай талаптар қойылады?
  9. ҚР Парламенті қа.дай палаталардан тұрады?
  10. Парламенттің негізгі функциясын атаңыз?
  11. Үкіметтің құрамы қандай және ол биліктің қандай тармағына жатады?
  12. Үкіметтің негізгі өкілеттіктері қандай?
  13. Сот жүйесіне қандай соттар кіреді?
  14. Соттардың ең басты функциясы неде?
  15. Прокуратура органдары қандай рөлді атқарады?
  16. Конституциялық Кеңестің құрамы мен рөлі туралы айтып беріңіз?
  17. Жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды қандай органдар жүзеге асырады?

 

Қорытындылау

Сабақ соңында оқытушы қорытынды сөз сөйлейді. Оқушылардың назарын Қазақстан Республикасы Конституциясының нормалары мен ережелерін неғұрлым терең зерделеу қажеттілігіне аударады.   

Оқушылардың «Конституция сабағында» алған білімі гуманитарлық пәндер сабақтарында, сынып сағаттарында одан әрі дами алады және олардың патриоттық тәрбиесіне ықпал ететін болады.