slaid1

«Томирис» тобы жеңімпаз атанды!!!

Қарашаның 5-і күні Павлодар қаласында «Жас Дарын» мектебінде БПФ форматында облыстық дебат турнирі өткізілді. Екібастұз қаласы «Зерде» мектебінің дарынды оқушыларынан құралған 3 топ қатысты. Дебат ойындарының бұл форматы біріне таныс болса, біріне тіпті беймәлім. Алайда оқушылар білімдеріне, жан-жақтылықтарына сеніп, қалайда болсын жеңіске қол жеткіземіз деген мақсатпен бақтарын сынап көрді. Дебат ойындары әр адамның бойындағы үрейді жеңіп, ел алдында еркін әрі тиянақты сөйлеуге мүмкіндік бере отырып, әр адамның сөйлеу мәнерін жөндейді.

БПФ – XX ғасырдың басында Ұлыбританияда Американдық Линкольн-Дуглас және Полиси дебаттарынан бөлек пайда болған дебат форматы. Бұл форматтың ерекшелігі ойынға 15 минут қалғанда ғана тақырып беріледі. Сонымен қатар қиындық туғызатын, күрделі тақырыптарға бір күн бұрын кілтті суреттер ұсынылды.

Жалпы дебатқа бірінші рет «Тұран» тобында Нүркенова Дарина мен Ниязова Дильназ, «Тарлан» тобында Жакупова Камила мен Қуантаев Ислам, «Томирис» тобында Жаикбаева Таисия мен Мерекеқызы Мөлдіршаш қатысты. Дебатшылар өте қатты қобалжығандарын жасырмады, себебі шынымен де тапқырлық пен білімділікті талап ететін дебат ойындарын жоғары деңгейді ойнап шығу екінің бірінің қолынан келе бермейді.

Алайда , «Томирис » командасының бақтары жанып,1 орынға ие болды.

Біз жеңімпаз командадан кішігірім сұхбат алып, алған әсерлері жайлы бөлісулерін сұраған болатынбыз.

- 1-ші Дебат турниріне алғаш рет бақтарыңызды сынап, бірден бас жүлдені қанжығаларыңызға байладыңыздар. Турнир кезінде қандай қиындықтар мен қызықты оқиғаларды бастан кештіңіздер?

- Иә, бірінші рет  қатыстық 1,2- ші ойында аяқ қолымыз дірілдеп, өзімізге сенімділік болмады. Кейінірек, ойынға үйренісіп кеттік. Ал қызықтарына келетін болсақ, 4 айналымнан кейін жартылай финалға өткендегі реакциямыз, әсеріміз есте қаларлықтай болды. Шынымды айтсам, бас жүлде иегерлері атанамыз деп мүлдем ойламаппын,- деді Таисия бір сөзінде.

- Мектептегі ойын мен облыстық деңгейдегі турнирдің айырмашылығы неде?

- Мектепішілік ойында өзін сәл болсын еркін ұстайсың. Себебі, сен танитын оқушылар мен ұстаздар. Не дегенмен, олардың  әлсіз және мықты тұстарын сырттай болсын білесің. Ал облыстық турнирдің аты өзі үшін сөйлеп тұр десем қателеспеспін. Саған таңсық орта, жаңа адамдар. Бірақ, менің бір түсінгенім, сіз қайда жүрсеңіз де сенімділік пен батылдықпен алға нық қадам жасауыңыз қажет.

- Турнирде қандай білім көп бағаланады?

- Турнирде бастысы ол - аудиоторияға шығып нақты сөйлеу. Ғылыми түрде сөйлеу маңызды емес, маңыздысы ол өз ойыңды дұрыс жеткізе білу. Ал білімге келетін болсақ, мектептегі тарих пәні бізге көп көмегін тигізді. Сонымен қатар, дүниетанымымыз үлкен рөл атқарады. Кез келген аргументке белгілі бір факт ретінде келтіру – таптырмас құрал.

- Бұл ойынға дайындық қалай өтті?

- Дайындық басында дебатқа деген қызығушылық болмады. Менің ойымша, ол «Дебат» ұғымын түсінбегендіктен болуы мүмкін. Біздің дайындығымыз 1-4 қараша аралығын қамтыды. Бірінші, дебаттың қалай өткізілетінін, қандай ерекшеліктерімен ғаламтор материалдары арқылы таныстық. Кейіннен, өз арамызда БПФ форматында дебат ойнап тәжірибиемізді шыңдадық,- деді Мөлдіршаш.

- Осы орайда кімге алғыс білдіргілеріңіз келеді?

- Шын мәнінде барлық оқытушылар бізге көп көмек көрсетті. Бұл қатардан алып, ерекше айта кететін адамдар бар. Олар: Назымгүл Құдышқызы, Ақлес Әділбайқызы, Назира Ниязовна, Гүлімхан Теміргазиевна. Бұл кісілер барынша ат салысып, көмек қолын созып жеңісіміздің себебі болды.

Дебат – кез-келген адамның тұлға болып қалыптасуында үлесі зор. Себебі, олар ойын барысында ойларын тиянақты жеткізе отырып, көкжиегін кеңейтуде ықпалы зор. Сондықтан да, дебат ойындарына қатысып, ой-өрісіңді дамыта отырып, ел алдында еркін сөйлеуді нормаға айналдыру – басты мақсат.

«Зерде» мектебінің жас тілшілері Құмарәлі Аружан, Тәңірберген Айгүл

Ақпарат

Мектепте азаматтардан тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамалары талап етілмейтінін хабарлаймыз.

Сенім телефоны

жұмыс тел: мектеп директоры

Кафизов Нұржан Бахриденұлы

8 (7187) 40 04 85

WatsApp: 87058148974

Облыстық білім беру басқармасының

сенім  телефоны 
8 7182 320560