1 және 5-9 -сыныпқа оқушыларды конкурстық іріктеуге өтініштерді қабылдаймыз!

Екібастұз қаласы "Мемлекеттік тілде оқытатын дарынды балаларға арналған "Зерде"
мамандандырылған жалпы білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесі
2019-2020 оқу жылына 1-сынып және 5-9 - сыныптар үшін ваканттық орындарға    конкурстық іріктеу кезеңіне қатысуға өтініштерді қабылдайтынымызды хабарлаймыз!
Конкурсқа өтініштер 2019 жылдың 10 сәуірінен 10 мамыр аралығында қабылданады.
http://mektep.smartekibastuz.kz/ сайтына электронды түрде конкурсқа қатысуға өтініш беруге болады.
Сайтта тіркелуден өткен уақытта төмендегі құжаттардың скан көшірмесін жіберіңіз:
1. Үміткердің ЖСН көрсете отырып, туу туралы куәлігін;
2. 3х4 фото (электронды)                                             
3. Грамота, алғыс хаттарының скан көшірмелері            
Ата-аналары (заңды өкілдері) атынан өтінішті бергенде ЭЦП қажет болады.

Іріктеу конкурсы :

1 - сыныпқа 2019 жылдың 1-14 тамыз аралығында, өтілетін күні мен уақыты қосымша хабарланады.

5-9 -сыныптар үшін 18 мамырда 10.00 өтеді. 

Назар аударыңыз:

Өтінішті сайт арқылы берген кезде келесі қадамды орындаңыз:

1. Компьютерде NCA Layer бағдарламасын компьютеріңізге жүктеңіз.

2. ЭЦҚ (сандық қолтаңбаның) қолданып, өтінім беріңіз.