Мен OFFLINE

 Мамандандырылған «Зерде» балалар мектебінде 21-26  қаңтар күндері аралығында Халықаралық интернетсіз күніне арналған «Мен OFFLINE» республикалық кең ауқымды балалар акциясы өткізілді.

Акция мақсаты: интернетке тәуелділіктің алдын алу, интернет-қызметтерді пайдаланушылардың жауапкершілігін, Интернет-пайдалану мәдениетін арттыру. 1- 8-  сынып оқушыларымен «Интернетсіз бір күн» атты тақырыпта сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағат барысында оқушыларға интернетті дұрыс пайдалану жолдары, зияны мен пайдасы туралы түсінік берілді.

 1-11 сынып оқушыларымен тақырыптық жиналыс өткізілді.Оқушылар акция мақсатын түсініп, өз пікірлерімен бөлісті.

1-4 сынып оқушылары  аралығында «Мен OFFLINE (оффлайн)» атты тақырыпта   суреттер сайысы өтті. Сайыс қорытындысы бойынша І – орын 4- сынып оқушысы Ағзап Аружан , ІІ орын  2- сынып оқушысы  Мереке қызы Мадина , ІІІ - орын 2- сынып оқушысы  Жанұзақ Айша. 

8-10-  сынып оқушылары  арасында «Мен OFFLINE (оффлайн)» тақырыпта эссе жазды.  Эссе қорытындысы бойынша  8а -сынып оқушылары арасынан

І - орын Камалиева Бота , ІІ- орынды   Умарова Раушан , Амренова Альнура, ІІІ орын Сагинтаева Нурай, Әбділ Талшын, Махмутқызы Сабина.

10- сыныптар арасында Кудайбергенова Камила І орын, Амантаева Зарина ІІ орын, Ақылбекұлы Санжар ІІІ орынды иеленді.

   5-6 сынып оқушылары «Интернет – сауаттылық дегенді қалай түсінесің?» сауалнама алынды.

Халықаралық интернетсіз күніне арналған «Мен OFFLINE (оффлайн)» республикалық  акциясының маңызын оқушылар түсінді.

Ақпарат

Мектепте азаматтардан тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамалары талап етілмейтінін хабарлаймыз.