1977 жылы туған, қазақ, білімі жоғары - 1998 жылы Екібастұз жоғары педагогикалық колледжінің математика факультетін және 2006 жылы Павлодар инновациялық Еуразия университетінің «Басқару мен ақпаратты іздеудің компьютерлік жүйелері» мамандығын бітірген. Жоғары біліктілік санаттағы мұғалім. Еңбек жолын 1996 жылы Екібастұз қаласындағы №26 қазақ орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі ретінде бастаған. 2004 - 2008 оқу жылы аралығында «Зерде» дарынды балалар мектебінде информатика пәні мұғалімі және директордын бейіндік пәндер бойынша орынбасары болды. 2008 жылдан бастап аталған мектептің директоры.  

 

Азаматтарды қабылдау кестесі

Сейсенбі: 16.00-18.00 Жұма: 16.00-18.00