Басшылық

Бүгінгі соңғы қоңырау мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бүгін 31 түлекке соңғы қоңырау соғылмақшы.
Бұл түлектердің арасында 4 алтын белгіге үміткер,
1 ерекше аттестатқа үміткер оқушылармыз бар.
Биылғы жылғы түлектер түрлі деңгейдегі білім додасына қатыстып,
мектеп мәртебесін талай рет көтерді.
Тәуелсіз Қазақстанымыздың ең қымбат қазынасы,
ел болашағы- сіздерсіздер!
Ең бағалы табиғи тасты алмаз дейді, оны қырландырып,
тәртіпке келтірген соң ғана бриллиантқа айналады.
Бриллиант үлкеп болып, қыры көп болған сайын бағалы.
Оқу-біліммен қырланған ақыл да солай.
Ұстаздарды табиғи тастан брилиант қашаған ұстамен
салыстыруға болады. Өйткені Сіздерді болашақ өмірге
11 жыл бойы дайындады, еліміздің беделді
азамттары мен азаматшалары болуларыңыз үшін
жан аямай еңбек етті. Сол Ұстаздарыңмен қоштасар сәт те
жақындап қалды. 3 маусым күні өтетін Ұлттық бірыңғай тестілеуді
барлығыңызға сәтті тапсыруларыңызға тілектеспіз.
Зерденің түлектері әрдайым өз білімімен облыс,
республика көлеміде ерешеленіп жүргенін білесіздер,
Сіздер де Ұлттық бірңғай тестіні абыроймен тапсырады деп сенеміз!
Мектеп мұғалімдері атынан жоғары білімді жақсы азамат,
білікті маман болып, болашақта елімізге лайықты
үлес қосады деп сенім білдіреміз.
Үлкен өмір жолына бастар қадамдарыңыз сәтті болсын!
Бәріңе ақ жол тілейміз!

Қазақстан интернет олимпиадасында қазақ тілі пәні бойынша І орын: Киреева Айнұр (7б), ІІ орын:Калиева Гүлмира (10б),Жансұлтанова Ақбота (6а),ІІІ орын:Даниярова Аяулым (7б). Пән мұғалімдері: Қапашева Қ.Қ., Сыздыкова С.А.