Сүйінші!!!

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне орай өткізілген ту ұстаушылар сайысында «Зерде» мектебі ІІІ орынды жеңіп алды. Команда құрамы: Сагинбаев Айдын, Сайпен Нариман, Серіков Еламан. Дайындаған әскери жетекші Нұртаев З.Т.

2012 жылдың 12 желтоқсанында өткен Қазақстан Республикасының Тәуілсіздік күніне арналған оқушылар арасындағы "Ту ұстаушылар" жарысында мектеп командасы 3 орынды жеңіп алды.


Казгидрометтің хабарлауы бойынша Павлодар облысында 2012 жылдың 10-14 желтоқсан күндері аралығында ауаның температурасы күрт төмендейді, түнде 25-30 дан 30-35 ке, кейбір жерлерде 40 градус аяз болады.


Сүйінші!!!

Желтоқсанның 6-сы оқушылардың облыстық ғылыми жобалар сайысына Балған Мадина, Бахадыр Ақгүл, Сушина Арайлым, Тұрлыбек Күміс, Қажимова Самал, Мұқатай Айғаным, Серікбаева Айнаш, Ақжүнісов Айдос, Иген Нияз, Мусадилов Шыңғыс қатысып, мектеп намысын қорғады.

Серікбаева Айнаш І орынды жеңіп алса, Қажимова Самал, Мұқатай Айғаным ІІІ орынға ие болды.

Ғылыми жетекшілері Айтжанова А.Е., Нұртаева Н.Қ.

Кешенді олимпиада екі турдан тұрады. І тур – теориялық (іріктеу туры) 20.12 интернет арқылы өтеді.

1 сағатта 20 тапсырма беріледі. Дайын жауаптардың ішінен дұрысын таңдау керек.

Негізгі пәндер: математика және жаратылыстану бағыты.

ІІ тур – практикалық (финал) наурыз айына жоспарланды.

Қалай қатысуға болады?

1. Тіркеуден өту (регистрация) www.cdo.kz

Бұл – жеке өзіңізге ғана қатысты мәселе болғандықтан, пароль, логинді ұмытпа, жазып ал. Мектепті школа «Зерде» деп көрсет.

2. Сізге жеке есепшот беріледі.

3. Көшеде, дүкенде тұратын мультикиоскіге барып, сол жеке есепшотқа ақша сал.

Бір олимпиада – 200 теңге.

Мультикиоск (банкинг) ақша салу үшін:

- оплата услуг

- другие услуги - КИО

- жеке есепшот нөмерін теру

- ақша салу

4. Олимпиадаға бір күн ғана берілген. 20 желтоқсан олимпиадаға қатысуды ұмытпа!!!.

Желтоқсанның 3-25-і аралығында биология, химия пәндерінен өз біліміңді сынауға болады. Ол үшін www.cdo.kz саитында тіркеліңіз.

Желтоқсанның 3-25-і аралығында биология, химия пәндерінен өз біліміңді сынауға болады. Ол үшін www.cdo.kz саитында тіркеліңіз.