Екібастұз қаласының қала мектептері арасында өткен қысқы коньки спорт түрінің эстафеталық жарысында мектебіміздің командасын 1 орын алуымен құттықтаймыз!!!

Қала мектептері арасында өткен тоғызқұмалақ жарысында мектебіміздің командасын 2 орын жеңіп алуларымен құттықтаймыз!

«Ертіс дарыны» аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығы

2013 жылғы 23 ақпан күні Павлодар қаласының №7 жалпы орта білім беру мектебінің негізінде жоғары сынып (10-11) оқушыларының арасында «әл-Фараби» атындағы Қазақ ұлттық университетінің жыл сайынғы «әл-Фараби» пән олимпиадасының ІІ туры өтетіні туралы хабарлайды.

Мамандандырылған "Зерде" дарынды балалар мектебінен ІІ турға өткен оқушылар тізімі

Сүйінші!!!

Мектеп тарихында тұңғыш 8-11 сынып оқушылары аралығындағы

республикалық ғылыми жобалар сайысына қатысу мәртебесіне

10а сынып оқушылары

Кажимова Самал мен Мұқатай Айғаным ие болды!

Ғылыми жетекшісі:

Нұртаева Н.Қ.

Ғылым жолындағы алғашқы сапарларына сәттілік тілеп, мектеп абыройын биіктен көрсетіңіздер!

Мектеп ұжымы

2002-2004 қазақ ж.т. жасөспірімдер арасында Қазақ күресінен Павлодар облысының ашық Чемпионатында 2-сынып оқушылары Кайржан Шәкәрімді 1 орын, Сайлаубаев Мейрхатты 2 орын алуларымен құттықтаймыз!

Қаңтардың 9-10-ы Павлодар қаласында өткен облыстық пән олимпиадасында 6 жүлделі орынға ие болдық.

Зекебай Зейнұр 8а (9)сынып Қазақстан тарихы ІІІ орын, Сайпен Нариман 9а сынып география ІІІ орын, Серікбаева Айнаш 11б сынып қазақ тілі мен әдебиеті ІІ орын, Кажимова Самал 10а сынып қазақ тілі мен әдебиеті ІІ орын, Арыстанбекқызы Назым 9а сынып қазақ тілі мен әдебиеті ІІ орын, Мұқатай Айғаным 10а сынып қазақ тілі мен әдебиеті ІІІ орын.

Пән мұғалімдері: Тұрғанбаева А.Ө., Кенжебекова Ү.Т, Сыздыкова С.А., Нұртаева Н.Қ., Исабаева Г.Б.

Құттықтау!!!

2013 жылдың 1-3 ақпан күндері Астана қаласында өткен 2002-2004 ж.т. жасөспірімдер арасында қазақ күресінен Астана қаласының ашық чемпионатында 23 келі салмақ дәрежесінде 3 орынды алған 2-сынып оқушысы Қайржан Шәкәрімді құттықтаймыз!!!

Желтоқсанның 20-сы Павлодар қаласында өткен «Ертіс өңірінің компоненті» атты облыстық сайыста бастауыш сынып мұғалімі Махметова Жұмагүл Кәрібайқызы ІІІ орынды жеңіп алды, Ибадильденова Алма Ашкенқызының әдістемелік жұмысы жоғары бағаланып, мадақтамаға ие болды.

«Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Қазақстандық Интернет Олимпиадалар» ақпараттық порталымен бірлесе отырып, талантты педагогтерді анықтау және оларды қолдау, ынталандыру, мұғалімдердің іскерлік шеберліктерін арттыру мақсатында жалпы білім беру пәндері бойынша ұстаздар үшін РҒПО «Дарын» Кубогына республикалық қашықтық олимпиадаларын өткізеді.

Павлодар облысының дамуына еңбек сіңірген, Ұлы Отан соғысының ардагері және Кеңес Одағының Батыры, М.Қайырбаевты еске алуға арналған қазақ күресінен ашық облыстық турнирінде 23 кг. салмақ дәрежесінде 1 орын алған 2-сынып оқушысы Қайыржан Шәкәрімді құттықтаймыз!