СҮЙІНШІ!!! 

Дарынды және талантты балаларды іріктеу және оларға қолдау көрсету мақсатында 2015 жылғы 5 қарашада Павлодар қаласының № 25 мектебінде 1-7 сынып оқушылары арасында республикалық зерттеу жұмыстары мен «Зерде» жобалар конкурсының облыстық кезеңі өткізілді. Біздің мектептен қатысқан 3 сынып оқушысы Тоқбердинова Лейла (жетекшісі Айтимова Анар Бакашевна), 4 сынып оқушысы Құспекова Амина (жетекшісі Сүлешова Ермек Сапаровна) 2 орынды, 5 сынып оқушысы Қақабай Әлішер (жетекшісі Исабаева Гүлсара Бекеновна), 6 сынып оқушысы Сериков Бекарыс, Бексултанов Диаз (жетешісі Темирханова Алия Бекешевна) 3 орынды иеленді. Ғылым бәйгесінде оза шапқан оқушылар мен жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз!

30 қазанда ХІІ мектепішілік пән олимпиадасы өтті.

2015  жылдың 30-шы қазанында«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен мамандандырылған «Жас дарын» мектебінде өткізілген Х республикалық  «Мұқағали Мақатаев оқулары» байқауының облыстық кезеңіне   19 оқушы қатысты.

 «Менің пірім - Мұқағали» атты жыр бөлімінде оқушылар  ақын өлеңдерін жатқа оқыды. «Жауқазын жыр жанымды жүр мазалап» бөлімінде жас ақындар өз туындыларымен таныстырды. «Жыр эстафетасында»  қатысушылар  ақынның «Аққулар ұйықтағанда» және “Райымбек, Райымбек» поэмаларын мәнеріне келтіре отырып жатқа оқыды. Сайыстың төртінші бөлімінде берілген ұйқасты пайдалана отырып, тұжырымды, түйінді  шумақтарды қолма-қол шығарып, шабытты жырларын ұсынды. «Өлеңмен өрілген ой» бөлімінде берілген өлең құрылысына қарай талдау жасады. «Мұқағали мұрасын кім көп біледі?» бөлімінде 1 минуттың ішінде  ақын өмірі мен шығармашылығынан қаншалықты деңгейде хабардар екендігін анықтайтын 10 сұраққа жауап берді.

 

   Біздің мектептен қатысқан 10 сынып оқушысы Ерғали Толқын 2 дәрежелі дипломға ие болды. Дайындаған пән мұғалімі Сыздықова С.А. 

2015 жылғы 16 қазан күні Павлодар қаласының «Жас дарын»  мамандандырылған мектебінде өткізілген «Өзін-өзі тану» пәні бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне  мамандандырылған мектептері мен  жалпы орта білім беру мектептерінен 39 оқушы қатысты.