Алматы қаласында өткен Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар сайысына 2 жоба қатысып, Ниязов Аманғазы  «Дарын» орталығының  «Құрмет грамотасымен» марапатталды, ғылыми жетекшісі  Кенжебекова Ү.Т.; Асмиева Инкара  ІІІ орынды жеңіп алды, ғылыми жетекшісі Қосыбаева Қ.Т.

Ақпанның 18 – і күні Павлодар қаласында 5-6-сынып оқушылары арасында өткен облыстық кешенді олимпиадада 5б сынып оқушысы Биксултанов Диаз ІІІ орын, 6б сынып оқушысы Умарова Асель ІІ орынды жеңіп алды. Пән мұғалімдері Амренова Қ.А., Кенжетаева С.Қ., Ғабит Л. Кенжебекова Ү.Т, Жылқыбаева Р.Ж.

Павлодар облысының білім басқармасының 2015 жылғы 02 ақпанда бекітілген №40 бұйрығына сәйкес, дарынды оқушылардың білімдерін тереңдету мақсатында, дарынды балаларды анықтау үшін аймақтық «Ертіс дарыны» ғылыми – тәжірибелік орталығы наурыздың 4-і 3-10-сынып аралығында облыстық интеллектуалды марафон өткізеді.  3-5-сынып: математика, қазақ тілі, жаратылыстану; 6-10-сынып: математика, қазақ тілі, Қазақстан тарихы, география 
Қатысу ерікті және ақылы (300 т.) Сұраныс ақпанның 16-на дейін /дүйсенбі соңғы күн/ қабылданады.
                                                                                                                                                                                              Ғылыми - әдістемелік кабинет

«Русский медвежонок» ойын-сайысында 9а сынып оқушылары Болпакова Наргиз, Ерғали Толқын, Cерикбаева Қарлыгаш ІІІ орындарды жеңіп алды. Пән мұғалімі Нуркина Е.С.

Ақпанның 5 – і күні Павлодар қаласында өткен «Ақберен» республикалық байқауының облыстық кезеңінде «Ақындар айтысы» бағыты бойынша 10а сынып оқушысы Тулеутай Еламан І орын, «Шығарма» бағыты бойынша 10а сынып оқушысы Дулат Ақтоты ІІІ орын, «Шешендік өнер» бағыты бойынша  9а сынып оқушысы Жансұлтанова Ақбота ІІІ орынды жеңіп алды.

Пән мұғалімдері Қапашева Қ.Қ., Сыздыкова С.А.