ХI облыстық мұғалімдер олимпиадасында мектебімізден қатысқан мұғалімдер 4 жүлделі орынмен келді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Дусупова Аклес Адильбаевна ІІ орын, орыс тілі мен әдебиеті пәнінен Есмагамбетова Гульмира Кабылдиновна ІІ орын, физика пәнінен Матей Хуан ІІ орын, қазақстан тарихы пәнінен Турганбаева Арайлым Океновна ІІІ орын иеленді. Әрқашанда білім бәйгесінде оза шабуларыңызға тілектеспіз!

 

Тағылымы мол іс -шара

Дәстүрлі ХІ мектепішілік Абай оқулары 27-28-ақпанда бастауыш және 5-10 – сыныптар аралығында  3 номинация бойынша өткізілді. Ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп, мектеп сахнасы 1-сынып ата – аналарының көмегімен талапқа сай жабдықталып, М.Әуезовтың «Абай жолы» романы бойынша «Бала Абай» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімі Ибаділдинова А  оқушыларымен бірге дайындаған инсцинировкаланған көрініспен ашылды.

Тақырып: «Оқушыларға ғаламтордың оң әсері басым» (теріс әсері басым).

Турнирге қатысуға өтініштер төмендегідей үлгіде 1.04 дейін қабылданады. (сынып атынан қатысушы топ санына шек қойылмайды)

Топ аты

сынып

1 спикер

2 спикер

3 спикер

         

Турнир жоспары

1.04 Өтініштер қабылдау, турнир кестесін құру

2.04  14-30 1 тур, 2 тур, 3 тур

3.04 14-30 Жартылай финал, Финал