Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, «Құрмет» орденінің иегері,
академик Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша республикалық пән олимпиадасында
Дулат Ақтоты /10а сынып/
Ашимова Аяжан /11а сынып/
«Ерекше жетістігі үшін» Құрмет грамотасымен марапатталып,
Ахаева Алуа- 9а сынып оқушысы Бітібаев мұғалімдер әулетінің ақшалай сыйақысын иеленді!
Пән мұғалімдері: Қапашева Қ.Қ., Исабаева Г.Б., Сыздықова С.А

Мектеп намысын республикалық деңгейде қорғадыңдар,зор алғыс білдіреміз!

Терең білім нәтижелерің құтты болсын! Жазда жақсы демалыңдар!

«ЗЕРДЕ» мектебінің ұжымы

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай өткізілген облыстық «Ер есімі – ел есінде!» атты жас ақындар мүшайра -конкурсында 10а сынып оқушысы Тулеутай Еламан І орын / кубок,сыйақы/ жеңіп алды!!!

Пән мұғалімі Қапашева Қымбат Қабатайқызы, жыр өрнегіндегі жеңісіңмен құттықтап,алар асуыңның биігін тілейміз!

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ерботина Анар Амантайқызы Республикалық қашықтық пән олимпиадасында І дәрежелі диплом;

Қазақ тілі мен әдебиеті кабинеттері стандартына сай жабдықталуы бойынша облыстық конкурсында ГРАН – ПРИ бас жүлдесін жеңіп алды!!!

Қапашева Қымбат Қабатайқызы «Жалпы білім беру мектебінің бейінді сыныптарына арналған үздік арнайы курс» конкурсының «Қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша үздік арнаулы курс» аталымында (бейінді оқыту) ІІ дәрежелі дипломды жеңіп алды!!!

Үлкен белестер мен асуларды бағындырудағы жеңістеріңізбен құттықтап, шығармашылық табыс, мықты денсаулық тілейміз!