5 қыркүйек күні Республикалық «Салауатты өмір салтын қолдаймыз!» тақырыптық денсаулық күні төмендегі жоспар бойынша  өткізілді. Қамтылған оқушылар саны: 333.

1 қыркүйек күні мектеп ауласы ата - аналар мен қойындары  гүлге  толған оқушылар және  ұстаздармен толықты. Алғашқы қоңырау мерекесі балалар өмірінде алатын орны ерекше. Салтанатты жиында мемлекеттік рәміздерді қолдану, ҚР туын әкелу, туды шығару, ҚР Әнұранын орындау ережеге сай өткізілді. Жаңа оқу жылының басталуымен мектебіміздің директоры Кафизов Н.Б. мектеп оқушылары мен ата- аналарын құттықтады.