Білім беру басқармасы 2016 жылғы 25 ақпаннан 3 наурыз аралығында 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнін мерекелеуге арналған «Менің анамның портреті», «Сенен артық адам жоқ....», «Портрет моей мамы!», «Нет тебя дороже…» тақырыптарында шығармалар конкурсын өткізді. Конкурсқа облыс білім беру ұйымдарының 5-9 сыныптарынан 77 оқушы қатысты, оның ішінде мемлекеттік тілде – 31, орыс тілінде – 46.
Қазылар алқасы ұсынылған 77 шығармадан ең үздік 12 шығарманы таңдады. Шығарма парақтарын оқи отырып, оқушылардың өз аналарына деген шынайы махаббатын, жылулығы мен төзімділігін сезінуге болады.
Біздің мектептен 2 оқушының жұмысы үздік деп танылды, олар:
«Менің анамның портреті», «Сенен артық адам жоқ....» тақырыптары бойынша І орынды 9-сынып оқушысы Әлия Сайранова иеленді, мұғалімі А.А. Дусупова,
«Портрет моей мамы!», «Нет тебя дороже…» тақырыптары бойынша ІІІ орынды 7-сынып оқушысы Алтынай Камалова иеленді, мұғалімі Ж.К. Сагитова.