ОТЫЗ БІРІНШІ ТАРАУ Кәсіптік білім үйрену, Ұстаздық және қазы болу туралы (2)

 

Ей, перзентім, біліп алғын, әуелі кәсіп туралы баяндаймын. Кәсіп деген дукеншілік емес. Әрбір адам бір істі қолына алса, оны жақсы біліп, әдістерін үйреніп, құпия сырларын игеріп, машықтануға мін-детті. Сонда ғана ол кәсібінен көп пайда табады. Адам баласы өнерді игеріп пайдалануға талаптанады. Кәсіп деген шын мәнінде, есепсіз көп. Әр қайсысын жеке-жеке талдау мүмкін емес, талдайтын болсақ сөз көбейіп кетеді.

Ілімнің сипаты үш түрлі деуге болады: кейбір кәсіпке байланысты ілім: ілімге байланысты кәсіп, қайырымдылық және қисынды дәлелдемелерге қа-тысты әдет, тәртіптер. Кейбір кәсіпке байланысты ілімге тәуіптік (дәрігерлік), инженерлік, жер өлшеу (геометрия), ақындық және осыған ұқсас ілімдер кіреді. Ілімге байланысты кәсіпке: музыка, құрылыс-шы, жер асты құбырлары мен құдық арқылы су алу кәсібі сияқтылар жатады. Бұлардың әрқайсысының өзіне тән қағидалары бар. Егер сен сол қағидалары мен тәртіптерін білмесең, қанша мықты болсаң да тек таңданудан басқа ешнәрсе қолыңнан келмейді.

Көпшілікке таныс кәсіпті айтудың қажеті жоқ. Алайда мен өз білгенімді алдыңа тартып әрқайсысы-ның тәртібін баяндаймын. Бұлар екі жағдайдан шет қалмайды: біріншісі замана ағымы мен тұрмыс тау-қыметіне байланысты жағдайда осы өнеркәсіптің бірін пайдалануға мәжбүр боласың. Сондықтан түрлі өнеркәсіп сырларынан түсінігің болғаны жөн. Егер өнеркәсіпке мұқтаж болмасаң, ұлықтардың бірі бо-луың ықтимал. Ұлық болған жағдайда да өнеркәсіп, түрлі ілімді білгенің өзіңе жақсы. Өйткені өз басың өзгеге үлгі-өнеге көрсететін дәрежеде болуы шарт. (Мысалы ілім шариатта қазы, ғұлама, ұстаз және мүфти әрбір мәселеде басқаларға үлгі-өнеге көрсет-пей, дүние қоңыз болуы өздеріне жарасымды іс емес)'.

1 Абдухайым Абдунасырұлы тәржімасынан қосымша.

Жалпы өнер, кәсіптің ішінен ілімге талапкер болсаң, өте ұқыпты әрі ынсап-қанағатты бол. Ілімге дос болғың келсе, уақытты босқа өткізуді дұшпаным деп түсін. Сабырлы әрі салмақты болып, жеңілтек желөкпелер қатарына қосылма. Кеш жатып, ерте тұр. Кітап оқу, сабақ беру мәселесіне ерекше көңіл бөл. Өз ісіңнен зерігуші болма, оқығаныңды жаттай қайталаумен жақсы біліп алғын. Нені есітсең, соны көңіліңнен қайталап өткізіп, жадыңа сақтауға тырыс. Кітап, қағаз, қалам, қаламұштағыш сол сияқты тағы да басқа қажетті заттарды әрдайым өзіңнің жаныңа қойып, басқа нәрселерді маңыңа жуытпа. Аз сөй-леп, ұзақ ойланғын. Егер әрбір азаматтың табиғаты осы сипаттас болса, ол сөзсіз өз заманының озық адамы болады.

Ей, перзентім, мүфти болсаң, адал бол, ар-намыс, ынсабың болсын. Оқығаныңды жатқа біліп, сабақ беру ісіне көп машықтан, екі жүзді опасыз болма, денеңдегі киіміңді таза ұста. Біреу сұрау берсе, жа-уабың дайын болса да, ойланып жауап бер. Біреуді қасақана мұқату үшін іс істеме.

Өз көзқарасыңды қорғауға мықты бол. Екі түрлі түсінігі бар сөзге қанағаттанушы болма, сенімді адам-дардың хаты болмайынша, есіткен жел сөздерді бас-шылыққа алмағын.

Әрбір кітап пен дәптерді бірінші орынға қойғын, тура сөзді тыңдағың келсе, сөздің ішкі мағынасына үңіл. Әрбір адамның анық айтпаған сөзін есітпеген бол да, өзіңе арнайы айтылмаған сөзден сақтанудың қажеті жоқ. Ауыздан ауызға тарап жүрген сөзден хабарсыз болма, оның мән-мағынасын түсініп алғын.

Жан күйдіріп сөйлеме. Егер біреумен сөз жарыс-тырғың келсе, қарсыласыңды байқа, егер онымен тартысуға күшің жетсе, әңгіме жалғассын десең, айт-қан сөзіңді бірнеше нақты мысалдармен дәлелдеп сөйле. Немесе сөзіңді қысқартып, бір мысалмен ғана шекте, әр сөзіңді бір-біріне қарсы қойма. Алғашқы айтқандарыңды соңғы сөзің жоққа шығармасын.

Егер шариғат заңының білгірлері сөз жарыстыр-ғысы келсе, сен сөзіңді бірінші қалыптасқан әдет-ғұрыптан бастап, сол әдет-ғұрыптарға сәйкес келетін өмірде бар жағдайлардан баяндағын. Сөз жарысында себептілік пен себепсіздік, мүмкіндік пен мүмкінсіз-

дік қосылып кетсе, айыбы жоқ. Сөзіңнің түпкі мақса-тын айқындай баяндап, көркем сөйлеуге тырысқын.

Тым ұзақ немесе тым қысқа және мағынасыз сөз сөйлеме.

Ей, перзентім, егер сөз жарысына құмар болсаң, ақын болғын, көп жағдайды жадыңа сақтай білгін. Кім болса сонымен тартысып, сөз жарыстыруға қызықпа.

Мінбеге шығып алып, көңілің қалаған, аузыңа түскен сөзді айта бермей, мақсатыңды қысқа әрі сұлу сөзбен сөйлегін. Киген киімің өзіңе қонымды әрі таза болсын.

Сөзің әсерлі болсын, есіткен жұрт әр сөзіңе риза-лансын, ду қол шапалақтаумен қарсы алып, мәжілісті қыздыра сөйле. Жұрт жыласа, сен де жыла. Мінбеде томсырайған тоң мінез, салғырт, салқын сөзді болма. Әрдайым қимыл-әрекет үстінде көптің көңілін аудара сөйле. Сөйлеген кезде тыңдаушылардың ықыласына қарай, көпшілік сөзіңді тыңдағысы келсе сөйлегін, егер аңыз, күлдіргі әңгіме тілесе, талабын орында. Жұртшылық сенің сөзіңе ықыласын аударып, қарыз-дар болған соң еш нәрседен тартынба. Жаман сөзіңді жақсылау бағамен сата бер. Өйткені қарыздар болса, базарға салған малың өтпей қалмайды.

Сақтанғаның жөн, сенің сөзіңді жұртшылық қа-дірлесе, өзіңе бәсекелес дұшпан пайда болуы ықти-мал. Дұшпаныңа да дәлелді жауабын дайындап жеңіп шығуды ойыңнан шығарма. Жеңіс болмаған жерде тұру қажетсіз. Мінбеде тұрған кезде біреу сұрау берсе, жедел жауап қайтар, егер жауабын білмесең «бұл кәселеге жауап беруім бұл жерде орынсыз, қа-жет десең үйге бар, үйде жауап беремін» дегін. Олар дөрекілік көрсетіп, қағаз, хат жазса (оларға қарсы): «Бұл мәселе — дінсіздер мәселесі, мұны сұрағандар дінсіздер» деп жауап бергін. Бір мәжілісте айтқан сөзіңді жадыңда сақта. Оны қайталап айтып абырой-сыз болмағын. Әрдайым қарапайым әрі көңілді жүр. Базарда, басқа да көпшілік орындарда көп сөйлеме-сең, көптің көзіне құрметті көрінесің. Жаман істен өзіңді аулақ ұстағын. Мінбеде тұру тәртібін сақта, тәкаппарлық, жалған айту, пара алу сияқты істерден бойыңды таза ұстағын. Сен нені істеуге шамаң келсе, жұртқа да сол сияқты істі орындауға тапсырма бер.

Қызметсіз ғалым болма, білімді жақсы үйренгін. Білгеніңді жақсы сөз өрнектерімен жұртшылыққа хабарлап, оның іске асуына көңіл бөл. Мағынасыз талап қойып, жұртқа мазақ болма. Өзің жақсы біл-мейтін мәселеден сөз қозғап, масқара болма.

Ей, перзентім, егер даналықтың жоғарғы дәреже-сіне көтеріліп қазы болсаң, салиқалы ой, салмақты мінез иесі болғын. Оралымды ойы бар, алдын болжай білетін зерек, жұрттың ішкі жан дүниесін зерттеп білетін саясат иесі болуың керек. Әрбір ру топтары-ның әдет-ғұрпы, жол-жоралғысы мен қауымның өзіне тән діни дәстүрлерінен хабарың болсын. Қазылықтың нәзік тәсілдеріне жетік болғын. Егер алдыңа келген жәбірленушінің куәсі болмаса, зұлымдық бел алып, оның ақысы өнбейтін халде болса, жәбірленушіні қолдап, есебін тауып оның ақысын өндіріп бер.

Ә ң г і м е. Табаристанда Абул Абас Русий ұлық қазы еді. Ол жұрттан асқан ғалым, алдын болжай білетін іскер адам еді. Күндердің күнінде алдына бір кісі келіп, бір адам жайлы шағымын айтады. Қазы оның қарсыласынан жауап алды. Ол мойындамай, Қазы танған адамнан ант ішесің бе деп сұрады. Ол кісі ант ішуге дайынмын деп жауап берді.

Қазы дау иесінен куәң бар ма, деп сұрады. Ол адам «жоқ» деп жауап берді. «Куәлерің болмаса, мен оған ант ішкіземін» деді. Сол кезде дау иесі зар жы-лап: «Ей, қазы, оған ант ішкізбе. Өйткені ол жалған ант ішуден қорықпайды. Керісінше жалған ант ішудің өте шебері», деді. Қазы:

— Мен шариғат жолынан шыға алмаймын. Сен не куәңді тап, немесе ол ант ішсін, — деді.

Дау иесі қазының алдына құлап, зарын айтып: «Ей, қазы, менің куәм жоқ, ол сөзсіз ант ішеді. Тек мен сорлаймын. Бір амалын жасамасаң, мені қайғыға қалдырасың»,— деді.

Қазы дау иесінің арызын тыңдап, оның сөзі шын екеніне сеніп «қалай сен оған жүз ділдә бердің?»— деді.

Дау иесі «Бұл адам неше жылдан бері менімен дос еді. Кенеттен бір кәнизәк қызметкерге ғашық болды. Кәнизәктің құны жүз елу ділдә екен. Бұл досымның тек елу ділдэдан басқа теңгесі жоқ екен. Ертелі-кеш жан-жаққа шапқылап, қайыршылық халге

душар болып жүрді. Бір күні екеуміз кең далаға се-йілге шығып, тамашалап жүріп бір жерге барып отыр-дық. Бұл досым кәнизәк жайлы зарын айтып жылады. «Сенімен жиырма жылдан бері доспын, енді менің мүшкіл жағдайыма рахым еткін»,— деді. Лажсыздан жағдайына мейірімім түсіп: «Ей, достым, сенде кәни-зәктің құнына жететін қаржы жоқ. Сенің жағдайыңа түсініп жәрдем бере алатын адамың бар ма?»— дедім. Ол «жоқ, менің тағдырымды тек сен шешпесең, жағ-дайым нашар»,— деді. Мен оған «барым жүз ділдә ғана, оны бірнеше жылдан бері бейнеттеніп жиған едім, міне осы ділдәмді саған берейін. Сен оны өзіңнің елу ділдәңа қосып сүйген кәнизәгіңді алғын да, бір ай онымен бірге тұрып, бір айдан соң сатып, менің ділдәмді қайтарғын»,— дедім. Менен бұл жауапты есіткен соң, өзінің басын жерге иіп, антын айтып: «бір айдан артық ұстамаймын, бір айдан соң не пайда, не зиянына кәнизәкті сатып, ділдәңді өзіңе бере-мін»,— деді. Сонан кейін мен жүз ділдәні белімнен шешіп бердім. Ділдәні берген кезде екеумізден басқа тірі жан жоқ еді. Төрт ай болды, кәнизәкті де сатпай-ды, менің ділдәмді де бермейді»,— деді дау иесі. Қазы: «сен ділдәні берген кезіңде қайсы жерде отырған едің»,— деді. Дау иесі «Пәлен дарақтың астында отырған едік»,— деді.

Қазы: «Не себепті куәлерім жоқ дейсің»,— деп, қазы (дау иесінің қарсыласына қарап): «Сен осы жерде отыр» деді, дау иесіне «Тез бар да, дараққа айтқын, қазы сені менің алдыма келіп куәлік берсін» деді. Қарыздар бұл сөзді есітіп, білдірмей миығынан күлді. Дау иесі: «Ей қазы, дарақ менің айтқан сөзіме келмесе не істеймін?» деді. Қазы «менің мөрімді алып бар да дараққа айтқын, «бұл қазының мөрі: қазы маған тапсырды, келуің қажет, бұл жайлы көрген істеріңді баяндайсың деп айтқын», деді. Дау иесі қазының мөрін алып, дараққа қарай тартты. Қарыздар казы-ның алдында қалды. Қазы басқа адамның дауымен шұғылданып қарыздарға қарамады. Біраздан соң қазы қарыздарға қарап «Жаңағы дау иесі дарақтың жанына барып жетті ме екен?» деді. Ол «жеткен жоқ» деп жауап берді. Қазы басқа даумен шұғылдану ісін жалғастыра берді.

Дау иесі дарақтың қасына барып, қазының мөрін

көрсетіп: «Ей дарақ, сені қазы шақырып жатыр» деді, біраз күтіп тұрды. Дарақтан ешқандай жауап есітпей, қапаланып қайтты. Қазының алдына келіи: «Ей, қазы, дараққа мөріңді көрсетіп шақырғаныммен ол келме-ді»,— деді. Сонда қазы: «Сен білмедің, дарақ келіп, куәлік беріп кетті»,— деді. Сонан соң қазы дау иесінің қарсыласына қарап «Егер алтының болса, алған ал-тыныңды қайтар, болмаса кәнизәкті сатып қарызың-нан құтыл»,— деді. Қарыздар: «Ей, қазы, мен қасыңда отырмын, ешқандай дарақ келіп саған куәлік берген жоқ қой»,— деді. Қазы: «Егер сен бұл адамнан алтын алмаған болсаң, неліктен мен сенен дау иесі дараққа жетті ме екен деп сұрағанымда сен «жеткен жоқ» деп жауап бердің. Сен неге: «қайсы дарақ, дау иесі қай жаққа кетті? Мен оны білмеймін» деп жауап берме-дің?»— деді. Қазы қарыздарды мойындатып, алған алтынын дау иесіне өндіріп берді.

Ей, перзентім, білгенің жөн, үкімнің бәрін кітапқа жазылғанға қарап шығармайды. Қазы өз көреген-дігімен жоғарыда айтылған айла-әдіспен ақиқатты мойындатып үкім шығарады.

Үйіңде әдепті бол. Үкім мәжілісінде салқынқанды, салауатты, қабағың салық, жүзің айбарлы болсын (қиын дау кездессе өзіңше үкім шығарма). Білімді мүфтилермен де кеңесіп кесіміңді айт. Әрдайым ой-пікіріңді жұмбақтамай ашық айтқын. Әрбір мәселені шешу кезінде сабырлылықпен қайта-қайта оқып, жақсы түсініп алудан қиналма. Тәжірибең мен айла-әдістеріңді толық пайдалан. Шариғатта қазының айтқаны заң. Көп нәрсеге шариғат бойынша үкім шығару қиын болады. Тәжірибелі қазының өзі көп мәселені әділ шешеді. Қазы парасатты, дана болып, қажетті жерде қалыптасқан заң шеңберінде қатып қалмай, ақыл-парасатты басшылыққа алып, мәселені өзінше шешкені мақұл.

Қазы кейбір жағдайларда, әсіресе, қарны аш, көңілі айнып тұрған кезде, моншадан шыққан, қиял-данып тұрған кездерде үкім шығармасын.

Қазының алдындағы жәрдемші өкілдері ширақ болуға тиіс. Үкім кезінде әркім өз басынан өткізген оқиғаларын баяндап, уақытты ұтқызуға жол берме-сін. Қазының міндеті жан-жақты тексеру емес, тек үкім шығару. Сөз-жауап қысқа болсын, куәлар антын

тез берсін, үлкен дауды мүмкіндігінше тежей тексеріп көрсе, үлкен қатеге жол бермейді. Қазы өзінің қызме-тіне әділ хатшыларды қойсын. Олар өз қолымен қарыз өндіріп беріп, жарлық жазбасын. Өзінің сөзін қадірлей білсін. Қазының ең жақсы өнері — білімді-лік пен сыпайы әдептілік.

Ей, перзент, бұл өнерді білгеннен соң сауда-сат-тықтың тәсілдерін де үйренгін, өйткені сауда ісінен де жақсы пайдалануға болады.