Қос жүлде

Сәуір айының алғашқы аптасы әдебиетті сүйетін, тіл мен өнерді ерекше құрмет тұтатын оқушыларымыз үшін сәтті басталды. Қазақ тілі мен әдебиетінен алған білімдерін облыстық деңгейде сынап,  мектеп намысын абыроймен қорғады. Шығармалары әдеби – деректерге толы, фольклорлық жазбаларында ұлттың ұлы тұлғалары туралы құнды мұраға толы  «Мәшһүр – Жүсіп оқулары» мен ұлтымыздың ұлағатты ұстазы Қ.Бітібаева атындағы олимпиадада бақ сынады. «Бақ шаба ма, бап шаба ма» демекші, бабы да, бағы да ұштасқан оқушыларымыз 9-сынып оқушысы Мұхтарбек Әсел «Мәшһүр – Жүсіп оқуларының «Білімді зерек адам болам!» - десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен»  эссе жазу бағытында І орын алса, Қ.Бітібаева атындағы пәндік олимпиада 11-сынып оқушысы Шакенова Меруерт І орын, 10-сынып оқушысы Тулеутай Айдана ІІ орынды иеленді! Шәкірттерімізді білім бәсекесінде терең білімдерімен қаруландырған шығармашыл ұстаздарымыз Назымгүл Құдышқызы Нуртаева мен Қымбат Қабатайқызы Қапашева.  Меруерт пен Айдана мектеп, облыс намысын республика деңгейінде  Шығыс Қазақстан облысы ұлағатты ұстаз Қ.Бітібаеваның туған жерінде қорғайды. Білім сапарында жеңіс тілейміз!

Сенім телефоны

жұмыс тел: мектеп директоры

Кафизов Нұржан Бахриденұлы

8 (7187) 40 04 85

WatsApp: 87058148974

Облыстық білім беру басқармасының

сенім  телефоны 
8 7182 320560

Ашық бюджет