Ақпарат

Мектепте азаматтардан тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамалары талап етілмейтінін хабарлаймыз.

Тіркелу

Сенім телефоны

жұмыс тел: мектеп директоры

Кафизов Нұржан Бахриденұлы

8 (7187) 40 04 85

WatsApp: 87058148974

Облыстық білім беру басқармасының

сенім  телефоны 
8 7182 320560

«Өзін-өзі тану» пәні бойынша облыстық олимпиада жеңімпазы - «Зерде» командасы

Павлодар қаласында 2019 жылғы 13 қыркүйекте өткізілген 7-9 сынып оқушыларына арналған «Өзін-өзі тану» пәні бойынша республикалық олимпиадасының облыстық кезеңіне 18 команда құрамында 54 оқушы қатысты. Олимпиада мақсаты:балаларға рухани-өнегелік тәрбие беріп, құндылық бағдарын қалыптастыру, шығармашылық әлеуетін, азаматтық ұстанымын, өзін-өзі кемелдендіруге ұмтылысын дамыту. «Риясыз қызмет ету – шынайы бакыт» атты тақырыпта қорғаған презентацияларында оқушылар өз өмірлік ұстанымын, ойларын еркін жеткізе алу және командада жұмыс жасау іскерлігін көрсетті. Олимпиада қорытындысында «Зерде» мамандандырылған мектебінің оқушылары Керей Аружан, Камалиева Бота, Нүптеке Иманғали І орынды жеңіп алып, қарашаның 12-14-і Алматыда өтетін республикалық олимпиадада Павлодар облысының намысын қорғау құқығына ие болды. Дайындаған Буркітбаева Жұлдыз Ерікқызы