Ақпарат

Мектепте азаматтардан тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамалары талап етілмейтінін хабарлаймыз.

Тіркелу

Сенім телефоны

жұмыс тел: мектеп директоры

Кафизов Нұржан Бахриденұлы

8 (7187) 40 04 85

WatsApp: 87058148974

Облыстық білім беру басқармасының

сенім  телефоны 
8 7182 320560

Республикалық олимпиада ІІІ орын

Алматы қаласында «Бөбек» орталығында 2019 жылғы 12-14 қараша аралығында өткізілген «Өзін-өзі тану» пәні бойынша республикалық олимпиадаға еліміздің барлық аймақтарынан, Астана, Алматы қалаларынан 19 команда қатысты. Аталмыш пәнді оқуда табысқа жеткен 7-9 сынып оқушылары өздерінің шығармашылық жұмыстары мен жобаларын ұсынды. Олимпиадаға Павлодар облысысының жеңімпаздары – «Зерде» мектебінің 3 оқушысынан құралған команда қатысты. «Риясыз қызмет ету» атты тақырыпта әзірленіп, қорғаған әлеуметтік презентацияларында оқушылар өз өмірлік ұстанымын, ойларын еркін жеткізе алу және командада жұмыс жасау іскерлігін көрсетті. Керей Аружан, Камалиева Бота, Нүптеке Иманғали республикалық олимпиада жеңіске жетіп, командалық ІІІ орынды жеңіп алды.