Мектеп 6 күндік оқу аптасы бойынша бір ауысымда толық күн режимінде жұмыс істейді.
Оқыту тілі – қазақ тілінде. Облыстық бюджет есебінен қаржыландырылады. Оқыту тегін жүргізіледі.
2009-2010 оқу жылында мектептегі 18 сынып-комплектісінде 367 оқушы оқиды. Сапалы оқытуды тиімді ұйымдастыруды жүзеге асыру мақсатында сынып құрамы орта есеппен 20 оқушыдан құралған.

Мектеп жеке тұлғаны дамытуға бағытталған білім беру моделінде қызмет көрсетеді және келесі міндеттерді іске асырады:
білім беру мазмұнының жалпы мәдени және адамияттық бағытын күшейту, оның әмбебаптығы, білім берудің азаматтық функциялары рөлін, әлеуметтік қажеттілігін арттыру, балалар мен жастардың дене және психологиялық денсаулығын сақтау, нығайту, балалардың жалпы және пәнге байланысты қабілеттерін арттыруға бағытталу, барлық пәндердің мазмұнын қоғамдық компонентпен байыту, шығармашылық ойлау және жалпы дарындылықты дамытуға жағдай жасау.

Оқу жоспары мазмұны Мектептің өзіне тән ерекшелігін көрсетеді, пәнді тереңдетіп оқыту, вариативтік білім (оқу жоспарындағы вариативтік білім- мектептің басқа мектептерден өзіндік ерекшелігі, оқушыларға арналған қосымша сабақтар көрсетілген білім) бағдарлы оқытуды іске асырады. Мектеп вариативті білігін жоспарлағанда оқушы мен ата – ананың сұранысы есепке алынады.

8-11-сынып оқушыларын оқыту екі бағытта: 8а,9а,10а,11а сыныптарда - қоғамдық-гуманитарлық, 8б,9б,10б,11б сыныптарда жарытылыстану- математикалық бағытта жүргізіледі. Вариативті білік пәнді тереңдетіп оқыту үшін факультатив, қолданбалы және таңдамалы курстар арқылы жүзеге асады.

1-4 сыныптарда оқушылардың сауатты жазу , тілін дамытуға жағдай туғызу мақсатында «Тіл дамыту», «Шешендік өнерге баулу», «Ойлау әліппесі» енгізілсе, логикалық ойын дамытуға негізделген «Шығармашылық қабілетті дамыту», «Қызықты математика», дуниетанымын дұрыс қалыптастыруға бағытталған «Әлемтану» кіріктірілген курстары енгізілген.

5-9, 10-11 сыныптарда бастауыш сыныптағы курстарға сабақтастық негізінде қоғамдық – гуманитарлық топтарда «Практикалық қазақ тілі», «Әлемдік көркем әдебиет», «Мәдениеттану», «Публицистика және стилистика»,жаратылыстану – математика топтарында «Математикалық логика»; «Ықтималдықтар теориясы», «Биотехнология негізі» , «Электротехника негіздері», «Химияның таңдаулы тараулары» арнаулы курстары енгізілген.

Жеке тұлғаны бағыттау компонентінде шығармашылыққа бейім, ерекше қабілетті оқушылардың шығармашылық, зерттеушілік қабілетін дамытуда «Ғылыми зерттеу негіздері» , «Математикадан күрделі есептер шығару», «Химиядан күрделі есептер шығару», «Ағылшын тілінің сөйлеу мәдениеті», «Қарым- қатынас психологиясы» енгізілген. Жеке тұлғаға арналған компонент оқушының жоғары оқу орнына түсіп, білімін жалғастыруын қамтамасыз ету үшін әр сыныпқа аптасына 4 рет өтеді.

Келісім – шарт бойынша жылына 1500 сағат көлемінде жоғары оқу орындары оқытушылары жеке курс, лекциялар өткізеді. Жеке пәндерді оқытуда қазақ тілі, орыс тілі, биология,тарих, география пәндерінен элективтік курстарға ПМПИ ұстаздары қосалқы жұмысқа тартылған:2 профессор, 1 ғылым кандидаты, 1 магистр және 1 аға оқытушы.