Басшылық

Кафизов Нұржан Бахриденұлы - мектеп директоры

  1977 жылы туған, қазақ, білімі жоғары - 1998 жылы Екібастұз жоғары педагогикалық колледжінің математика факультетін және 2006 жылы Павлодар инновациялық Еуразия университетінің «Басқару мен ақпаратты іздеудің компьютерлік жүйелері» мамандығын бітірген. Жоғары біліктілік санаттағы мұғалім. Еңбек жолын 1996 жылы Екібастұз қаласындағы №26 қазақ орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі ретінде бастаған. 2004 - 2008 оқу жылы аралығында «Зерде» дарынды балалар мектебінде информатика пәні мұғалімі және директордың бейіндік пәндер бойынша орынбасары болды. 2008 жылдан бастап аталған мектептің директоры. 

Кафизов Нұржан Бахриденұлы – Қазақстан Республикасында білім саласын заманауи талаптарға сай басқару қажеттігін түсінетін тәжірибелі басшы. 2013 жылы "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы Кембридж университетінің Білім беру факультетімен бірлесіп әзірлеген Қазақстан Республткасының жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша курсты аяқтады. Бүгінде деңгейлік курстан өтіп келген мұғалімдерден қоғамдастық құрып, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін мұғалім тәжірибесіне енгізу бойынша жұмыстар жүргізуде.  

Ұжымдағы   әр мұғалімнің   педогогика  мен психология  ғылымдары  саласындағы   жетістіктерді  білуіне, жаңа  технологияны  тәжірибеге  енгізуге  зор  үлес  қосып келеді. Мектеп электронды оқыту жүйесіне еніп, оқу-тәрбие процесін автоматтандыруға байланысты жұмыстар сәтті енгізілуде. Мектеп директорының тікелей қолдауымен жасалған мектеп сайты 2011-12 оқу жылы облыстық «Мемлекеттік тілдегі ең үздік білім беру сайты» конкурсында үздік шығып, І дәрежелі дипломмен марапатталды. 2015 жылы "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар білім беруде" атты облыстық конкурсқа қатысып 1 дәрежелі дипломмен марапатталды. 

       Жауапкершілік, адамдармен тез тіл табыса алу қасиеті, ұйымдастырушылық тәжірибесі, әріптестер арасында, қаланың педагогикалық қауымының арасында беделді болуына ықпал жасады. 

Қосыбаева Құралай Төкенқызы - директордың оқу-тәрбие жұмысы бойынша орынбасары.

Еңбек жолын 1985 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген соң, Екібастұз орта мектебінде химия-биология пәндерінің мұғалімі қызметін бастады.  «Зерде» мектебінде ашылған күнінен бастап қызмет істейді.

Дарынды балалармен жұмысты жүйелі жүргізіп, 2012/13 оқу жылы оқушылары Тукенов І., Нығметоллаев А. халықаралық ХІІІ Сәтпаев оқуларында ІІ орынға ие болды, 2013/14 жылы 7-8-сынып оқушылары арасында өткен химиядан облыстық жасөспірімдер олимпиадасында оқушысы Бегендикова Әсем ІІ орынға ие болды. Оқушысы Асмиева І Республикалық ғылыми жобалар сайысында ІІІ орынды; ХІ Халықаралық ғылыми жарыстар сайысында жүлделі ІІІ орынға ие болды.Химия пәнінен ҰБТ қорытындысы бойынша көрсеткіші: 2011 жылы - 21 ұпай, 2012 жылы - 20 ұпай, 2013 жылы - 18 ұпай.

    Косыбаева Куралай Тукеновна - химия есептерін шығарудың шебері. Бүгінде 10-нан астам шәкірті өзінің келешегін химиямен байланыстырған. «Химия пәнін терендете оқыту» бағдарламасының авторы. Мектептегі іс-шараларды терең мазмұнда өтуіне шығармашылықпен өз үлесін қосып келеді. Бос уақытында тоқыма тоқығанды, сценарий құрастыруды ұнатады. 

 

Исабаева Гүлдана Бекеновна- директордың тәрбие ісі бойынша орынбасары.

  «Зерде» мектебінде ашылған күнінен бастап қызмет етеді. Еңбек жолын 1980 жылы Семей педагогикалық институтын бітірген соң, Баянауыл ауданында физика пәнінің мұғалімі болып бастады. 

Исабаева Гүлдана Бекенқызы – жоғары арнаулы білімі бар шығармашыл    ұстаз. Мұғалімнің  әдістемелік тақырыбы: «Жобалау технологиясы арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен танымдық белсенділігін арттыру». Модульдік технология  бойынша  мұғалімдерге арналған ашық сабақтар, теориялық, практикалық семинарлар өткізді. 11-сыныптарға арналған тест, деңгейлік  тапсырмалар жинағы рецензияланған. /ПМБАИ/,  Гүлдана Бекенқызының жемісті еңбегінің  көрінісі - дарынды оқушылармен жүргізген жұмысының нәтижелілігінде: Оқушылары: мектепішілік, аймақтық, облыстық, дистанциондық пән олимпиадасына қатысты. Ғылыми жобалар сайысында (2012,ІІ орын), мақаласы Сатпаев оқуларының (2011ж) жинағына енді, Республикалық ХХІ ғасыр көшбасшысына қатысты. 2012 жылы – 11а сынып оқушысы Абжарова Ақерке Халықаралық ғылыми жобалар сайысында физика пәнінен ІІ орынды иеленді. ҰБТ-да оқушылары физика пәнінен 100% көрсеткіш көрсетті. Физика пәні кабинетін жабдықтап, кабинет мүмкіндігін пайдалана отырып, ашық сабақтар өткізді.Халықаралық ғылыми-практикалық конференция  “Су өмірдің –қайнар көзі”мақаласы жинаққа енді.Рецензияланған 7-сыныпқа арналған  физикадан “Есеп шығару” қолданбалы курсының бағдарламасын құрастырушы.

               2011 жылы оқушысы Манарбек Мұхтар  «Мақал-мәтелдердің физикалық құбылыс,заңдылықтармен байланысы» тақырыбында жазған ғылыми жобасы облыстық «Зерде» ғылыми жобалар сайысына қатысты. Облыстық тамыз конференциясында әр түрлі проблемалық тақырыпта баяндама жасады. Гүлдана Бекенқызы - әрдайым ізденісте жүретін,шығармашылығы мол, тәлімгер ұстаз, оқушылардың пәнге қызығушылығын оятып, білімнің нәтижелі әрі сапалы болуын қамтамасыз етудегі жемісті еңбегінің нәтижесінде ҚР білім және Ғылым министрінің алғыс хатымен /2001/ және облыстық, қалалық білім басқармасының Мақтау грамотасымен марапатталды.

 

 Нуртаева Назымгұл Кудышевна - директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы бойынша орынбасары.

  «Зерде» мектебінде ашылған күнінен бастап қызмет істейді. Еңбек жолын 1994 жылы Павлодар педагогикалық институтын бітірген соң, Екібастұз қаласындағы №26 қазақ орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі қызметінен бастады. Жоғары категориялы ұстаз. Мектептің ғылыми-әдістемелік жұмысын шебер ұйымдастырушы.

      Нуртаева Назымгуль Кудышевна өзінің ізденіс әрекетін «Сатылай комплексті талдау технологиясы арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру» тақырыбы бойынша ұйымдастырып, нәтижелі еңбек етуде. Отандық жаңа технологияларды, оның ішінде Н.Оразахынова, Қ.Бітібаеваның технологиясын оқу үдерісінде қолданады. «Морфология саласын сатылай комплексті талдау технологиясы арқылы оқыту» әдістемелік құрал құрастырып,  Павлодар облысы педагог мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру институтының әдіскері Даирова А.Қ. (2012жыл) рецензиясы берілді. Облыстық «Үздік авторлық бағдарламалар» сайысында (2010 ж.) ІІ орынға ие болды. 2013 жылы Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің аймақтық форумының пленарлық мәжілісінде баяндама жасап, аймақтық көлемде іс – тәжірибесі жинақталды.

    Оқушылары қазақ тілі мен әдебиетінен облыстық пән олимпиадасында  2011/12 оқу  жылы Кажимова С. І орын, халықаралық Бітібаева олимпиадасында ІІ орын;  2012/2013 оқу жылы облыстық пән олимпиадасында Кажимова С. ІІ орын, Мұқатай А. ІІІ орын; облыстық ғылыми жобалар сайысында Кажимова С., Мұқатай А. ІІІ орын және республикалық ғылыми жобалар сайысында «Құрмет грамотасымен» марапатталды, 2013/2014 оқу жылы 11- сынып оқушылары Балганова М., Бахадыр А. облыстық ғылыми жобалар сайысында І орын,  Кажимова С., Мұқатай А. ІІ орынға ие болды, облыстық пән олимпиадасында Мұқатай А. ІІ орынды жеңіп алды.  Сабақ беретін сыныбында қазақ тілінен сапа - 94%, қазақ әдебиетінен - 100%.  «Дарын» республикалық ғылыми – практикалық орталығының «Алғыс хаты» берілді (2011ж.). Облыстық білім саласын дамытуға қосқан үлесі  мен кәсіптік қызметіндегі жоғары көрсеткіштері үшін Павлодар облысының білім беру басқармасының «Құрмет грамотасымен» марапатталды (2013 ж.). Назымгүл Кудышевна – ізденімпаз, шығармашылық потенциалы жоғары ұстаз.

Домбыра шертеді, ән айтады. өнерлі, жан-жақты шығармашыл педагог мектепте дебат технологиясын дамытып келеді, би топтарының белсенді мүшесі. ұжымына сыйлы басшы, танымал әдіскер. 

 

 

 

 Жумадилова Гульнара Магатовна - директордың электронды оқыту жөніндегі орынбасары

Жумадилова Гульнара Магатовна «Зерде» дарынды балалар мектебінде 2005 жылдың қыркүйегінен информатика пәнінен дәріс береді. 2014 жылдан бастап директордың электронды оқыту жөніндегі орынбасары. Осы уақыт аралығында өзін үнемі ізденіс үстінде жүретін, кәсіби деңгейі жоғары ұстаз екендігін көрсете білді. Мұғалімнің әдістемелік тақырыбы: «Ақпараттық технологияны қолдану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру». Сабақтарында, әріптестердің сабақтарында ақпараттық технологияны қолдануды жетілдіру жолында жүйелі жұмыс істейді. Осыған байланысты құрастырған бағдарламалары облыстық ПМБАИ-ң рецензиясын алды. Олар: «MS Excel программасының кеңейтілген мүмкіндіктері» (8-9 сыныптар), «Физикалық процестерді компьютерде модельдеу» (7-8 сыныптар), «Информатика пәні бойынша ақпаратпен дұрыс жұмыс жүргізу мәдениетін қалыптастыру талаптары» (2-9 сыныптар). Гульнара Магатовнаның жетекшілік етуімен оқушылары Джандыгулова Жанна, Әбілғазиева Бибінұр (9 сынып) «Компьютерлік тәуелділік» тақырыбында ғылыми-зерттеу жобасы облыстық Қ.Сәтпаев оқуларының жинағына енгізілді, Сушина арайлым, Тұрлыбекова Күміс «Компьютер ойнаған тозар, асық ойнаған озар» тақырыптағы жұмыстарын, облыстық ғылыми жобалар сайысында қорғап келді. 2007-08 оқу жылынан үш тілді оқыту экспериментіне еніп, 8-сыныпта информатиканы ағылшын тілінде оқытады. Оқу - әдістемелік кешен құрастырды. Экспериментке байланысты облыстық деңгейде ашық сабақ, семинар өткізді. Республикалық басылым «Информатика негіздері» журналының 2008 жылғы №3,6 санында «Оқушы лардың шығармашылық белсенділігін арттыру», «Қайталау сабағы» тақырыбында әдістемелік мақалалары басылды. 

 

Исабаева Гүлсара Бекеновна - менеджер. 

 Исабаева Гүлсара Бекеновна - қазақ тілі мен әдебиеті және бастауыш сынып мұғалімдерінің жұмысына басшылық жасайды. «Зерде» мектебінде ашылған күнінен бастап қызмет етеді. Еңбек жолын 1985жылы Семейдің педагогикалық институтын бітірген соң Спартак орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі болып бастады.

Дарынды балаларды анықтау және дамытуға үлкен үлес қосқан жоғары дәрежелі педагог. 2011-12 оқу жылы облыстық Абай, Мағжан оқуларында оқушысы Ашимова А. ІІІ орын, облыстық жасөспірімдер пән олимпиадасында оқушысы І орын; 2012-13 оқу жылы Арыстанбекқызы Н.  қазақ тілі мен әдебиетінен облыстық пән олимпиадасында     ІІ орын, М.Жүсіп оқуларында ІІ орынды жеңіп алды.      

2013-14 оқу жылы Ашимова А. қазақ тілі мен әдебиетінен облыстық пән олимпиадасында ІІ орынға және  Республикалық  Қ.Бітібаева олимпиадасында ерекше жетістігі үшін Құрмет грамотасымен марапатталды. Гульсара Бекеновна білім, білігі, кәсіби шеберлігін жетілдіруге баса назар аударатын ізденісі жоғары ұстаз.         «Павлодар облысының білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» Павлодар облысының білім беру басқармасы алғыс хатымен марапаттады (2012 жыл).

Өнерлі, әсіресе көркем сөз, сахналық кейіпкерлерді сомдауда, әртістік қабілеті зор. Өзінің қарапайымдылығымен, кішіпейілділігімен, интеллегенттілігімен ұжымының сүйіспеншілігіне бөлеген жан.