Сенім телефоны

жұмыс тел: мектеп директоры

Кафизов Нұржан Бахриденұлы

8 (7187) 40 04 85

WatsApp: 87058148974

Облыстық білім беру басқармасының

сенім  телефоны 
8 7182 320560

Ашық бюджет

Тіркелу

Жасөспірімдердің тұлға аралық қарым­ қатынасындағы психологиялық ерекшеліктері

Баланың 13 жастан кейінгі өтпелі жасынан біршама проблемалар туындайды. Бірте-бірте балаға өзіне деген сенімсіздік пайда болады. Жеткіншек өздерінің «өтпелі», «түсініспейтін» жағдайларын көрсете келе, осы қиын жағдайлардан шығу жолдарын іздестіреді. Кейде денсаулықтарына зиянды болса да, үлкендерге тәуелді болмауға тырысады. Үлкендер бұл жағдайды байқай бермейді. Бірақ күнделікті бала күйзелісі күн өткен сайын үлкен проблемаларға айналып, үлгерімі төмендеп, денсаулығының нашарлауы, нашар тәртіпке әкелу қаупін тудырады.

 

Жеткіншек пен үлкендер арасындағы келіспеушілікті қалай шешуге болады?

Өз балаңның қиқарлығына төзе білу өте қиын. Оның дөрекілігіне дер кезінде тойтарыс бергің келеді. Бірақ, сәл жіберген қателік отқа май құйғандай болады. Шыдамды болыңыз, балаңыздың мінезіндегі өзгерісті шыдамдылықпен, ақылмен, төзімділікпен жөнге сала біліңіз. Бұл жағдайдың алдын ­ алуға төменгі ережелер көмектесе алады: Еркіндік беріңіз. Байсалдылықпен ой қоса біліңіз, өйткені сіздің балаңыз енді өзіңіз қатарлас үлкен болғанын мойындаңыз. Ешқашан ақылгөйсімеңіз. Көптеген жасөспірімдер өздерін мезі ететін айтыла бермейтін ақыл сөзден қашқақтайды. Қарым ­ қатынас түрін өзгертіңіз.

Есіңізде болсын балаңыздың өзіндік көзқарасы, өз құқығы, өз еркі бар. Оған сіз бағыт және байсалдылықпен баға бере біліңіз. Балаңызбен ымыраға келе біліңіз. Реніштен, түсініспеушіліктен ешкім ешнәрсе ұтпайды, «жеңімпаз» атағын да алмайды. Ата -­ ана да, жеткіншек те ашуланғанда араларында түсініспеушілік туады. Үлкендер тарапынан мұның соңын шыдамдылықпен күтіп, қалпына түскен соң баламен түсінісуге тырысыңыз. Кім ақылдырақ, сол кейіндейдіРенішке от жақпаса ұрыс тез басылады. Келіспеушілік бастау алған жағдайда біреуі басыңқылық танытуы керек. Қызу қанды жасөспірімге қарағанда ақыл тоқтатқан үлкен адамға мұны орындау оңайға түседі. Ренжуге болмайды, шыдамды болыңыз.Ұрысты қоя тұрып, бала жанын ауыртатындай жағдай туғызбаңыз. Мысалы: есікті қатты жауып кетпеңіз, сөйлеспей қоймаңыз т.б. Бала қиын жағдайдан шығуды бізден үйренеді. Сіз өзіңіздің айтқан сөзіңізде тұрыңыз. Өзіңіз тарапыңыздан ымыраға келуге әзір болмасаңыз да, балаларыңыздың алдында өз беделіңізді жоғалтпауға тырысыңыз. Үлкендер өзінің шыдамсыздығын байқатса, онда жасөспірімнен жақсы нәтиже күте алмайсыз. Балаға керегі өзін жақсы көруі, түсінуі, өзін сыйлай алуы және өзін біреуге керек екендігін сезінуі болып табылады. Оқуында жетістікке жетіп, өзін ­өзі сыйлай алса, өз құрбыларының ортасында беделі артады. Балаңыздың өзін­ өзі бағалауы ата­анасының оған деген қарым ­қатынасына байланысты. Егер баланың мінезіндегі теріс жағын қабылдап, шыдамдылықпен, байсалдылықпен қабылдап, кешіріммен қараса, ол сезініп жақсы жағына қарай бейімделе бастайды. Егер баланы үнемі назардан тыс қалдырса, өзін­ өзі бағалауы да төмен болады. Әрбір сөзіміз, ісіміз, қызығушылығымыз, тіпті үндемеу себебіміздің өзі де ­ өзіміздің қандай екеніміз жайында балаға мәлімет береміз. Баланы неғұрлым өзіне жақын тартып, жақсы көре білсе, «менде бәрі жақсы», «мен ­ жақсымын» деген ой келеді. Балада өзіне деген сенім пайда болады. Егер баланың ісінің бәрін қатеге шығарып отырсаңыз «менде бәрі жаман» деген ой келеді. Жазалау нәтижесі баланың өзіне деген сенімсіздігіне, бойкүйездігіне әкеледі. Оның түбінде қайғы, мұң жатады. Баламен ынтымақтықты қарым­ қатынасыңызды жалғастырғыңыз келсе, оны барлық жағдайда қолдай біліңіз !

Ол үшін төмендегідей қағидаларды есте сақтаңыз: Баланы бар мейіріміңізбен түсіне біліңіз. Қобалжуы мен талап еткен мәселесін ықыласпен тыңдаңыз. Сабақ оқығанда, кітап оқығанда бірге болуға тырысыңыз. Өзі шамасы жететін сабағын әзірлеуіне араласпаңыз. Өзі сұраса көмектесіңіз. Жетістігін қолдаңыз. Сенім білдіріңіз. Өзінің де сенімінен шыға біліңіз. Келіспеушілікті үйлестіріп шеше біліңіз. «Сенімен бірге болу маған өте жақсы», «Менің де сендей болғым келеді», «Сен әрине өзің жасай аласың», «Сенің орның ерекше» т.б. қолдау сөздерді жиірек қолданыңыз. Өзіңізден алшақтатпай, жиі аймалаңыз. Жасөспірімдік шақта олар өзі шешім қабылдау белсенділігі артады. Бұл тұлғаларға білім беруде жасөспірімнің өзі бала сияқты емес, үлкен адам сияқты сезініп, өзін­ өзі көрсетуі болып табылады. Үлкен болға ұмтылу және үлкен болу қажеттілігі басым бола отырып, тұлғаның дамуын, таным сапасын және оқыту әдісінің ерекшелігін анықтайды. Есеюді сезіну жасөспірімнің интенсивті физикалық дамуына және әлеуметтік беделіне негізделеді.Есеюдің ішкі және сыртқы сезінуі болады. Сыртқы – сөйлеу мәнері мен киім киюі, үлкендерге еліктеуі және т.б.

 Жасөспірімді жастық шақта үлкендермен болған қарым ­қатынас түрі қызықтырмайды, себебі ол оның жеке есею деңгейі туралы көзқарасымен сәйкес келмейді. Жасөспірім үлкендердің құқығын шектеп өздерінікін кеңейтуге тырысады және өзінің жеке тұлғалығына сыйласымдылықпен қарауды талап етеді, яғни үлкендермен тең құқылы болуды қалайды. Егер үлкен адамдарда жасөспірімдерге деген, балаға қараған сияқты, қатынас сақталса, ескі қарым ­қатынас түрін сақтауға ұмытылыс байқалады да, баланың өзіне жасөспірім ретінде қарайтын көзқарастарға қарам –қарсы келіп, жасөспірім мен ересектер арасындағы қақтығыстың қайнар көзі болып табылады.

 Жасөспіріммен тұлға аралық қарым ­қатынас орнатуда ұсынылатын кеңестер:1.Шыдамдылық танытыңыздар. Балаға әр уақытта қолдау көрсетіп, шыдамдылық, сабырлық танытыңыз. Егер ұрса берсеңіз, араларыңыздағы сенімділіктің жоғалатынын ұмытпағаныз абзал.

2.Сенімділік қарым ­қатынасын орнату.

 Сенімділік таныту – жасөспіріммен қарым – қатынастағы ең маңызды аспект. Бала жасөспірім шақта ата-­ анасынан алшақтай түседі. Оның өз сырлары, жеке істері пайда болуы мүмкін. Ол оған ересектерді араластырмайды. Балаңыздың есейіп келе жатқанын ұмытпаңыз. Оның өз өміріне құқығы бар екенін естен шығармаңыз. 3.Эмоцияңызға еркіндік бермеңіз.Сіздің балаларға әсерініз, ықпалыңыз көбінесе өз көңіл ­ күйінізге байланысты болады. Сондықтан ашуланбай, өзіңізге қолға алып, сабырлықпен тыңдаңыз.

4.Себебін анықтамай жатып, қатты ұрыспаңыз. Мінез – құлықтағы өзгерістердің өз алдына себептері болады. Сондықтан әрбір әрекеттің түрткісін анықтап, себебін біліп алған жөн.

5.Өз әрекеттеріңізді қадағалап, тұрақтылық танытыңыз.Егер мақсатқа қол жеткіземін десеңіз, әрекеттеріңізде ретттелік, тұрақтылық танытыңыз. Уәделеріңізге берік болыңыз.

 6.Баланың өз бетімен өзгеруіне қызықтырыңыз. Өзінің жақсы жаққа өзгеруіне қызығушылық білдірген балаға ғана көмектесуге болады. Сонда ғана ол өзіне осындай мүмкіндік беретін адамдармен ғана қарым­ қатына жасалады.

 7. Мәмілеге (компромис) келуге дұрыс шешім қабылдауға тырысыңыз Әрбір өзгерістің қуаныш әкелетінін естен шығармаған жөн. Шешім қабылдағанда оның да пікірін ескерту қажет.

 8.Мадақтау және жазалау жасалған әрекетіне сай болуы керек Егер себепсіз жаза қолдансаңыз, балаға үлкен реніш әкелесіз.Кез келген мадақтау немесе жазалау баланың іс­ әрекетіне сай болуы керек.

 9. «Бәрін түсінуге» тырыспаңыз. Кейде балаға түсіністік емес, тек қолдау қажет. 10.Баланы түсінуге,оның мінез­ құлығын, тәртібін қолдауды білмейді. Баланың міңез – құлқына деген қарым –қатынасыңызды сыпайы, дұрыс жеткізе біліңіз. 11.Жасөспірімнің ар­ намысына және оның «жанды жеріне» аяушылық танытыңыз.Өз балаңыздың құқығын сыйлаңыз. Жасөспірімді келеңсіз жағдайға қалдырмаңыз.

12.Балаға орынсыз көп сөйлемеңіз Біз өз балаларымыз үшін тірек болып, қолдау көрсетуіміз қажет.

13. Барлық мәселені уақытында шешіп алыңыз. Барлығын сабырлықпен шешуге тырысыңыз.

14.Өз кемшіліктеріңді балаға жүктеме. Өз бойыңыздағы кемшіліктерді көріп, түзетуге тырысыңыз.

15.Сәтсіздікті болжамаңыз Тек жақсылықты болжаңыз.

 16.Баланың ересек досы болуға ұмтылыңыз. Дос ата –ана – бұл көмекші, ақылшы тірек, қорғаушы.

Қызығушылық , шыдамдылық көрсетіп оқып шыққаныңыз үшін рахмет!