Мектеп психологінің мамандық таңдау бойынша кеңестері

-                     Мамандық таңдауға кіріскен болашақ түлектерге қандай кеңес беруге болады?Мамандық таңдау және өмірдегі өз жолын анықтау оңай нәрсе емес. Осы бағытта адамның қателесуі қымбатқа түсу мүмкін. Болашақ мамандығын дұрыс таңдамаған адам, кейін оқуына да, жұмысына да немқұрайлықпен қарау мүмкіндігі жоғары. 

-                     Егер түлек өзінің мамандығын, жоғары оқу орнын нақты анықтап, алдына қойған мақсатына қарай еңбектеніп жатса, бұл өзіне де, қоршаған адамдарға да оң әсерін береді. Алайда, өкінішке орай, мұндай жағдай сирек кездеседі. Оқушылар өздерінің мамандықтарын таңдай алмай жүреді, сол себепті ата-ананың кеңесімен, достарының ілесуімен немесе жинаған баллдары қайда жетсе, сол оқу орнына және мамандыққа барып оқиды.

                      Егер түлек өзі қалайтын мамандыққа түскісі келсе, алайда ол үшін аса қиын емтихан тапсыру керек болса, ал басқа өзіне оңайырақ пәндерді тапсырған уақытта, ол өзі қалаған мамандыққа емес, басқа оқуға түсе алады.  Осындай жағдайда неге басты назар аудару керек? Қай жолды таңдау керек?

-                     Егер адам өзінің алдына нақты міндет қойса, онда оған емтиханның қандай түрі болсын, қиын не оңай пән болсын, бәрін де жеңуге тырысады. Ал егер емтиханды сәтті тапсыра алмаймын деген күмән болса, бұл жағдайда қандай мамандық кездессе, соған барып оқиды.

Өмір – өзгермелі, сондықтан мамандық таңдау да бір таңдағанмен аяқталып қалмайды. Мүмкін, сіз өзіңіздің арманыңыздағы мамандыққа ұқсас жерде жұмыс жасайтын шығарсыз, мүмкін кейін өз мамандығыңызға байланысты ойыңыз өзгеріп, басқа бағытқа баратын шығарсыз. Сіздің әрбір таңдауыңыз сәтті немесе аса сәтсіз де болуы мүмкін, бірақ уақыт өте келе, сіз өзіңізге не қажет екенін түсініп, кейін өміріңізде өзіңізге қажет істерді ғана қалдырасыз.

-                     Егер бірнеше мамандықты таңдағысы келсе, және 2-3 орында бір уақытта оқығысы келсе? Осындай жағдайда не істеу керек?

-                     Анығына жетудің ең қарапайым түрі – өз-өзін есту. Алайда сыртқы ортаның әсерінен (туыстардың, достардың, бұқаралық ақпарат құралдары) сабырлылыққа келіп, өз «Меніне» келу қиын болып келеді. Ол үшін күніне бір рет арнайы уақыт бөліп, жалғыздықта, тыныштықта отыра тұрыңыз. Бірнеше ойларды талдап көріңіз, жүрегіңізде жатқан өз жауабыңызды тыңдап көріңіз. Осындай тыныштықта отырғаннан кейін, сіз орныңыздан тұрып өз ісіңізбен айналысқыңыз келеді.

-                     Ата-аналар баласын белгілі бір мамандыққа түсуін қалайды, жоғары оқу орнына түсуін жеңілдеткісі келеді. Мұндай жағдайда ата-ананың кеңесіне жүгіну керек пе, әлде өзі таңдаған бағытқа қарай жүру керек пе? Мүмкін оқушы өз таңдауында қателесетін шығар?

-                     Өз тағдырына деген жауапкершілік 17-18 жаста басталады. Алайда жасөспірімдер әлі де ата-аналарға тәуелді болады. Көбісі өзіне жүктелген жауапкершіліктен қорқады, сол себепті үлкендердің айтқан ақылдарына жүгінуді жөн көреді. Сонымен қатар, ата-аналар да, бейсаналы түрде, балаларының тағдыры мен еркін біртіндеп өз қолдарына алады. Олар өз тәжірибелеріне жүгініп, қалай өмір сүру керектігі туралы білетінін балаларына ұғындырады. Алайда ата-ананың өмірі, тіпті ұзақ өмір сүрген болса да, ол басқа адамның өмірі болып табылады.

Қандай ауыр болса да, жасөспірім бала өз жолын өзі таңдап көруі керек. Сонымен қатар, осындай таңдаумен ата-анамды ренжіттім-ау деп ойламау қажет. Жақсы ата-ана баланың өмірі мен тағдырына қол сұқпай, оған тек қолдау көрсете алу керек, оған сенім артып, таңдау еркіндігін бергені дұрыс. Әр адам қателесу құқығына ие, сол себепті жастық кезеңде жасөспірімдердің қателесуі және қателескеннен кейін, өзін қайта табуы орынды жағдай. Сол уақытта ғана бала есейе бастайды.


Эдисон, аккумуляторды ойлап табу барысында жүздеген тәжірибе өткізген. Олардың жартысынан көбі сәтсіз аяқталған. Алайда сәтсіз эксперимент кезінде де, Эдисон қателіктерін ығыстыру арқылы мақсатына бір-бір қадамнан жақындап келе жатқанын көрген.  


Бес кеңес:

-         Өзгерістерден қорықпаңыз!

Жыл сайын мамандықтар саны артып келеді. Еңбек нарығы жылдам өзгереді. Сіздер өмір бойы оқып-үйренуге дайын болыңыздар. Сіздің қандай да болмасын алған мамандығыңыз кез келген жағдайда қажет болады.

-         Тек беделді мамандықтар туралы ойламаңыз.

Егер сіз өз мамандығыңызды сүйіп, оған деген қызметіңізді жетілдіруге күшіңізді аямасаңыз, сол кезде ғана сіз үшін ол мамандық ең беделді болып саналады.

-         Мамандықтың тек сыртқы көрінісіне назар аудармаңыз.

Сахналық, кинематографиялық образдар сырт жағынан оңай болып көрінгенімен, оның артқы жағында актердің күнделікті, бірсарынды атқаратын үлкен еңбегі жатыр. Сондықтан, таңдаған мамандық туралы мейлінше көп ақпарат алуға тырысыңыз.

-         Сіздің денсаулығыңызға кесірін тигізетін мамандық таңдамаңыз.

Денсаулығыңды таңдаған қызметтің шарттарымен сәйкестендіре алмау нәтижесінде өсіп келе жатқан ағзаға зиян тигізуі мүмкін.

-         Өз шешіміңізден қорықпаңыз.

Сіздің қателесуге, ізденуге құқығыңыз бар. Берілген нұсқаулықтарды дәл солай қабылдамаңыз, мамандық таңдаудың өз шығармашылық тәсілін ойлап табыңыз. Жоспар құрыңыз. Барлық ұсыныстарды, өз ойларыңызды сарапқа салыңыз – білім беру нарығындағы берілген ұсыныстарды талдау, еңбек нарығындағы сұраныстарды талдау, өз мүмкіндіктеріңізді, қабілетіңізді, біліміңізді және т.б. бағалаңыз.

Дайындаған

Мектеп психологі Ташимова Т.М.

Сенім телефоны

жұмыс тел: мектеп директоры

Кафизов Нұржан Бахриденұлы

8 (7187) 40 04 85

WatsApp: 87058148974

Облыстық білім беру басқармасының

сенім  телефоны 
8 7182 320560

Ашық бюджет