Ұлттық бірыңғай тестілеу және Мемлекеттік аралық бақылау алдындағы дайындық жүргізудің психологиялық аспектілері

 

«Күшіне сенген адам ғана мақсатына
жете алады»  Л.Фейервах

 Мақсаты:  

•МАБ-қа және ҰБТ-ге дайындау кезінде оқушыларды өзінің мінез құлқын және эмоцияларын басқара алуына үйрету,өзін-өзі бағалау деңгейін жоғарылату, қобалжу сезімдерімен күресе білуге үйрету.

•МАБ-қа және ҰБТ-ге дайындық кезінде ата-аналар мен ұстаздардың оқушыларға қандай көмек көрсету әдістері және кеңестері туралы ақпарат беру.

Міндеттер:  

•Оқушыларда қобалжуға байланысты туатын жеке даралық реакциялар туралы түсінік беру және оны жеңуге болатын мүмкіндіктер мен әдістерді ұсыну;

•Эмоционалдық күйзеліс сезімінен арылуға көмектесетін әдістермен таныстыру;

•Стресс, оның түрлерімен теориялық жағынан таныстыру;


  

Қазіргі заманның талаптары тек ересектердің психикасына емес, сонымен қатар балалардың психикасына да үлкен әсерін тигізеді. Стрестік жағдайларға кейде ересектер төтеп бере алмаса, онда психикасы толық құрылмаған балалар жайлы не айта аламыз? Соңғы кездері мектепте емтихан, сынақ, тест күнделікті үйреншікті нәрсеге айналған. Оқушылар бастауыш буыннан бастап, мектеп бітіргенше әртүрлі сынақтардан өтеді. Осындай сынақтардың бірі ол – ҰБТ және МАБ болып табылады.

Бұл сыннан 9-11 сыныптар өтеді. Сондықтан да мектеп психологтары өз алдарына бұл проблеманы ерекше қойып отыр.  Оқушыларға психологиялық серіктестікті жасау үшін, мектеп психологтары: сынып жетекшілер, пән ұстаздары және ата-аналармен бірлесе жұмыс жасау үшін көмек көрсету жолдарын тауып қана қоймай, сол жаттығуларды балалармен орындауды мақсат етіп қояды.

Емтихан болсын, сынақ болсын, тест болсын бұл – оқушылар, ұстаздар және ата-аналар үшін стресс болып келеді. Барлық қатысушылардың соған деген конструктивті көз-қарасын қалыптастыру жақсы болар еді. Егер емтиханды сынақ ретінде емес, оның орнына өз білімін көрсету, сондай-ақ жыл бойғы бағаларын жақсарту, емтихандық тәжірибе алу, зейін мен ұйымдастыру қабілеттерін шындау деп есептесе онда – негативті  эмоциялар мен стресстер өзі-ақ жоғалады..


Стресс кезінде адам ағзасындағы физиологиялық процесстер

Стресс кезінде адам ағзасы су тапшылығына тап болады. Бұл нерв процесстерініңэлектрохимиялық реакциялардың негізінде өтуіне байланысты, ал бұл процестердің өтуіне судың болуы керек. Судың тапшылығы нерв процестерінің жылдамдығын төмендетеді.Сондықтан, емтихан, сынақ алдында немесе барысында бірнеше жұтым су ішу керек. Антистресстік мақсатында суды 20 минут тамақ ішер алдында немесе 30 минут тамақтан соң ішеді.

Ең тиімді минералді су болып табылады, себебі бұның құрамында калий және натрий иондары бар, олар электрохимиялық реакцияларда қатысады. Сонымен қатар жай су мен жасыл шай ішуге болады. Басқа сусындардың пайдасынан гөрі зияны көп.


Ми бөліктерінің жұмысы

Стресстік ситуацияға түскен оқушылардың екінші проблемасы болып саналатын – бұл екі ми бөліктерінің (сол жақ және оң жақ)  жұмыс үндестігінің бұзылуы. Егер екеуінің біреуі, оң жақ бөлік-образдық немесе сол жақ бөлік-логикалық басым болса, онда адамның алдында тұрған міндеттер мен проблемаларды оптималды шешудегі қабілеті төмендейді. Бірақ бұл үндестікті қалыпқа келтіру немесе оған жақындату қолымыздан келеді. Барлығымызға белгілі, оң жақ ми бөлігі дененің сол жағына жауапты, ал сол жақ ми бөлігі дененің оң жағына жауапты. Бұл байланыс екі бағытта жұмыс жасайды, сондықтан да дененің екі бөлігінің координациясы мидің екі бөлігінің кординациясына әкеледі.


Стрестің негативті әсерін төмендететін жаттығулар

Келесі жаттығу стрестің негативті әсерін күшейтетін “оттегі тапшылығын” төмендетеді. Бұл әдіс «энергетикалық есінеу» деп аталады. Есінеудің жиілігін, ми жұмыс жасаудың белсенділігіне байланысты етіп жасау керек, яғни ми жұмысы күрделенсе, жиірек есінеу дұрыс. Емтихан барысында есінеу өте пайдалы. Есінеуді қалай дұрыс жасау керек? Есінеу кезінде екі қолмен шеңбер ретімен, төменгі және үстінгі жақты қосатын, құлақтын жанындағы сіңірлерді уқалау керек.  Ағзаны оттегі тапшылығынан қорғау үшін, бұл жаттығуды 3 – 5 рет есінеу жеткілікті.


Олимпиадалық ас-мәзірі

            Емтихан, олимпиадалар, тестілеу, сынақтар кезінде оқушылардың денсаулықтарына мұқият қарау керек. Бұл күрделі кезеңде, балаңызға дұрыс тамақтану керек, себебі тамақ арқылы мидың іс-әрекетін белсендіруге болады. Алдымен ең бастысы не жеу керек және қандай мөлшерде жеу керек екендігін білу керек.

Ми қабығында қандай өзгерістер байқалады?Мида үздіксіз 100 миллиард жүйке жасушалары жұмыс істейді, сонымен қатар олар тағы 10 000  басқа жасушалармен тығыз байланыста. Әр секунд сайын олар бір-бірлерімен ақпаратпен ауысып жатады, миллион сигналдар береді. Осындай күрделі механизм ешбір кедергісіз жұмыс жасау үшін, оларға көп мөлшерде энергия керек екен. Күнде тамақ арқылы қабылданатын барлық энергиядан ми өзіне 20% алады. Сонымен мидың қалай жұмыс жасауына, нені жеп қабылдаймыз байланысты екен.


Есте сақтау қабілетін жақсарту үшін

Сәбіз мидың зат алмасуын жақсарту арқылы, кез-келген нәрсені жаттаған кезде жақсы көмектеседі. Жаттар алдында  бір тәрелке езілген, ұнтақталған маймен араластырылған сәбіз жеу керек.

Ананас- музыкалық және театрлық жұлдыздардың сүйікті тағамы. Көлемді мәтін мен ноталық белгілерді есте сақтап қалу үшін, витамин С қажет, бұл витамин керекті мөлшерде осы жемістің құрамында бар,сонымен қатар ананастың құрамында калорийлер аз(100г.-да 56 ккал). Күніне ананас шырынының бір стаканын ішсе жеткілікті.

• Авакадо – аз уақытта есте сақтау қабілетінің энергиялық көзі, себебі оның құрамында жоғары мөлшерде майлы қышқылдар бар. Жемістің жартысын жесең жеткілікті.

Майлы балықтың құрамында, жүйке жұмысының дұрыс жұмыс жасауына керекті Омега-3 бар. Сонымен қатар балықта мидың анықтығын сақтайтын йод бар.

Асқабақ шемішкелерінің құрамында цинк бар, ол мидің жылдамдығын ұлғайтып, есте сақтау қабілетін жақсартады.


Зейінді  бір жерде жинақтау үшін

Креветки – миға деликатес болып есептелінеді, бұл тағам сіздің зейініңізге әлсізденуге жол бермейді себебі  миды маңызды май қышқылдарымен қамтамасыз етеді. Мөлшері-күніне 100 г. жеткілікті. Ескерту: Асханалық жөндеуден (қуыру, пісіру) кейін ғана тұздау керек.

Пияз мидың, мөлшерден тыс, шаршауда және психикалық шаршаған кезде көмектеседі. Қанды сұйықтандырады, миды оттегімен қамтамасыз етеді. Мөлшері, күнде бір пияздың жартысынан кем емес.

Қара жүзім- допамин гормонының деңгейін көтереді, бұл есте сақтау қабілетті жақсартып, ми жұмысын ынталандырады. Таңертең 1 стакан шырын, ал кешке жүзімнің бір талын жесеңдер әртүрлі ми қатырғыштарды оңай шеше аласыңдар.  

Мейіз – құрамында бордың қосындысы бар, бұл есте сақтау қабілетті белсендіреді.

Грек жаңғағы-құрамында лецитин бар, бұл мидің жұмысын жақсартып, есте сақтау қабілетті белсендіреді. Күніне 5 жаңғақ жеу керек, бұл С витаминінің тәуліктік нормасы. 


Жағымды және жағымсыз эмоцияларға да тағамның әсері тиеді:

Кім жақсы көңіл-күйде жүргенді қаласа

•Құлпынай өте дәмді және жағымсыз эмоцияларды бейтараптандырады. Мөлшері, кем дегенде 150 грамм.

•Банандардың құрамында серотанин бар - бұл химиялық зат миға «СІЗ БАҚЫТТЫСЫЗ» деген сигнал беру үшін өте қажетті.

Сенім телефоны

жұмыс тел: мектеп директоры

Кафизов Нұржан Бахриденұлы

8 (7187) 40 04 85

WatsApp: 87058148974

Облыстық білім беру басқармасының

сенім  телефоны 
8 7182 320560

Ашық бюджет