Ей, перзентім, ат алғың келсе, мұқият байқап, абайлап алғын, қателікке жол берме, ат пен адамның заты бірдей болады. Жақсы ат, жақсы адамға қанша баға берсең де көтере береді. Жаман ат, жаман адамды қанша жамандасаң да жеткіліксіз.

Даналар: «Дүние адаммен дүние болса, адам жануармен адам» депті. Жануарлар дүниесінде ең жақсы — ат екен, оны қадірлей біл, оған ие бола біл, одан еш нәрсе аяма, атты, әбзел-жабдығыңды жақсы күтсең, атың да, әбзелің де сені жақсы күтер деген мәтел де бар. Аттың жақсы-жаманын білу, адам-ның жақсы, жаманын білуден қиын. Өйткені адам сөйлейді, сөзінің мағынасынан білуге болады. Ат сөйлей алмайды, аттың жақсы, жамандығын оның түр-тұлғасынан білуге болады. Алдымен аттың түріне қара. Түрін байқайтын адам қатеге жол бермейді; сондықтан көп жағдайда жақсы аттың түрі де жақсы болады. «Көрікті жақсы атқа жабу жаппаған жақсы болады» дейді. Оның тісі таза, түгел ақ болады. Тө-менгі ерні салпы, мұрны жоғары, танауы кең, маң-дайы жазық, құлағы ұзын, бір-бірінен қашық, мойны тура, алқымы кең, түбі жуан, арқасы биік, кеуделі, қол-аяғының арасы алшақ, құйрығы ұзын және қатты, сүйектері мықты, әрі жуан, бұлшық етті, кірпі-гі, көздері қара болуы керек. Жол жүргенде қағілез, белі қысқалау, жал-құйрығы ұзын, сауыры кең, сан еті тола, бір-біріне жабысып тұруы керек. Мінезін иесі білуге тиіс.

Аттың түрлі қасиеттерін айтып өттім. Егер осы айтқандарым әрбір атта болса, ол жақсы ат бол-ғаны.

Аттың түсіне қарап, оның өнерін де байқауға бола-ды. Жылқының ең жақсы түстісі — құрма түстес (тобылғы торы — Т. А.) болады. Жирен жылқы күш-сіздеу келеді. Егер жиреннің бұлшық еттері бөлшек-тене түскен сан еттері тола, қол-аяғы, тұяғы, ернінің асты, маңдайындағы кекілі мен құйрығы қара болса, күреңге тән жақсы ат болады. Сұр құла, қызыл сары-лау аттардан ең бір жақсы аттар шығуы мүмкін. Самен сары аттың бетінде ноқат-ноқат қарасы болса, маң-дайы еттілеу, сандарының арасы мен көзі, ерні қара болса, ең жақсы аттардың белгісі. Аттың түсі ала-құла болмай, бір сыдырғы, қара торы, яғни шымқай қара, қызыл көзден болмаса, жақсы аттың белгісі деуге болады. Көптеген жағдайда қызыл көз аттың мінезі нашар, кемшілігі көп болады. Боз аттың да жақсысы кем. Қара көк жылқы көп жағдайда мінезді келеді, егер оның көзі шегір, артқы тұяғы ақ болса, жаман мінезді болады. Қызыл көк түсті аттың жо-нында қара жолағы, аяқтары қара болса, жақсы ат қатарына жатады. Ала-құла атсардың мінезі нашар болады.

Осымен сен аттардың түр-түсіне байланысты болатын қасиеттерімен танысып білдің, енді оның жарамсыз, ақау-кемшіліктерін біліп ал. Жылқының сан түрлі ақауы мен кемшілік-міні болады. Оны күн-делікті пайдаланудағы нұқсанымен қатар, көзге қораш көрінетін және зиянды мінездері де болады. Кейбір қасиетсіз аттар өз кесін өлтіруден де тайын-байды. Ондай аттар өзінің шадыр әрі сұм мінезде-рімен басқадан ерекшеленіп тұрады.

Әрбір кемістік-ақау, кеселдің өзіне тән аты бар. Аттың жаманын сол кемшілік және кеселінен білуге болады. Енді сол кемшіліктердің белгілерін айтайын. (Білгенің жөн, ат кемшілігінің бірі — үркек-тік). Үркек ат көп жағдайда жолдан шығып, өз бағдарын жоғалтады. Бір нәрседен қорықса, оны тоқтата алмайсың. Шауқар аттар да өте жаман бола-ды. Бұл аттар басқа аттардың қорыққан нәрсесінен қорықпайды. Сен білмейтін әр түрлі жаман жерлерге бара береді және сені тастап кетуге де бейім болады.

Саңырау ат та жаман, ондай ат баеқа аттар кісі-несе, есітпейді, құлағы салпайып тұрады. Солақай ат та жақсы емес, сүріншек болады. Қадам басқанда алдымен сол аяғынан бастайды. Қораға кірерде де сол аяғымен кіреді. Кейбір ат күндіз көрмейді, бұл аттың кемшілігі — көзінің қарашығы қара және көгілдір болады. Көзі әрдайым ашық, кірпігін қимылдатып, жұмбайды. Бұл кемшілік бір көзінде болады, кейде екі көзінде де кездеседі. Шапыраш аттың айыбы — сыртында болады, бірақ арабтар, парсылар шапыраш-ты құтты ат деп есептейді. Ілгеріде есіткенім бар, Дүлдүл де шапыраш болған екен. Ақбақай ат, яғни аяғы ақ ат сұм келеді. Егер алдыңғы сол аяғының ағы көп болса, өте сұм болады. Көк аттың екі көзі шегір болса, жақсы болады, егер бір көзі шегір болса (әсіресе сол көзі шегір болса), жаман болады. Сол сияқты шикіл сары, яки сарғыш тік мойын аттар да жаман болады. Маймақ немесе қисық аяқ ат жығыл-ғыш-сүрінгіш келеді, парсылар ондай атты (жаман) қаманпай1 дейді. Қолының үстінде, яки қолтығының астында мүйізді түгі бар ат сұм келеді. Мұндай аттардың екі аяғы ақ болса, сұмдығы басым болады, оймақ тұяқ аттар қу келеді. Аттың қол-аяғы ебедейсіз ұзын болуы да жақсы емес. Иір құйрық, ит құйрық аттар жаман аттар санатына жатады. Жүргенде артқы аяғын алдыңғы аяғының орнынан баса алмай-тын шаппа тұяқ аттар да жаман болады. Жүргенде басын шұлғып жүретін аттардың буын-буынында кеселді түйіндер болады.

Аяқ-қолының сүйектері тасыған аттар да жақсы емес, ал сүйектің асуы буында болса, ол — аттың ең жаман кемістігі. Мұндай аттар асау, үзеңгісіне аяқ қондырмайды... Көп кісінейтін ат тістеуік, тебеген болуы да ықтимал. Қарғакөз ат та жаман болады.

Ә ң г і м е. Есіткен едім, Ахмад Фаригунның жыл-қышысы наурыз күні Ахмадтың алдына келіп, мен де бір наурыз сыйын әкелдім, сыйдан да артық жақсы хабар бар дейді. Ахмад жақсы хабарыңды айтқын дейді. Жылқышы «өткен түні сіздің жылқыңыз мың қарғакөз тай туды»,— деді. Ахмад оған жүз дүре соғып, «бұл қандай жақсы хабар болғаны, менің мың тайым енді қараңғы түскендё көзі көрмейтін бо-лыпты»,— деген екен.

Ей, перзентім, бұларды білгеннен кейін, жылқы-ның дертінен хабарың болсын. Дерт-кеселдердің өзіне тән аттары бар.

Мысалы: қараөкпе, сақау, маңқа, ісік аяқ, тұяғы-ның жарылуы, тік тізелік, жіңішке бақай, көзі көр, мақау, асау, қыршаңқы, тебеген, қисық аяқ, сүйел аяқ, жауыр, демікпе, бозөкпе сияқтылар. Бұл кесел-дердің тек атын айтып өттім, ал кеңінен сипаттап айтатын болсам, сөз көпке созылады. Айтқандарымның бәрі де жылқының дерт, сырқат, кемшілік-ақаулары. Осының ішінде қартаю дерті бәрінен жаман. Басқа кемшілік-дерттің дауасын табуға бола-ды, бірақ кәрілік дертіне ешқандай ем-дауа жоқ. Ат мінуді ұнатсаң, құрма түсті үлкен торы ат мін. Көрікті көрінесің.

Білгенің жөн, жылқының сол жақ қабырғасы оң жағынан көптеу болады. Санап көр, егер екі жақ қабырғасы тең болса, өте қымбат болса да, ол атты сатып алғын. Өйткені мұндай ат жүйрік болады. Басқа аттар оған жете алмайды. Ер-тұрман, әбзел, басқа да қажетті заттарды өзің қуатты кезіңде сатып ал, өйткені өзіңе де, өзіңнен кейінгілерге де пайдасы тиетін болсын. Сенің ақылды әйелдерің де рақатын көрсін. Даналар: «Ер кісіге әрдайым әйел ең сенімді жолдас» деген екен.




Қаманпай — садақ сияқты имек аяқ.