Ей, перзентім, білгенің жақсы, егер сен жер мен үй сатып алуды ойласаң, немесе сатпақшы болсаң, қалыптасқан заң тәртібіне сай істе. Сатып алғың кел-се, несиешілер жоқ, арзандау кезде алғын да, сатқың келсе талапкерлердің көп кезінде қымбат бағамен сатқын. Қалайда пайда көруден бас тартпағын. Пайда табу ісінен ұялмағын. Бір затты сатып алатын болсаң, шеберлікпен саудаласа біл. Саудаңды қолдан берме. Саудалау ісінде жақсы мәміле — жарты сауда дейді. Бір нәрсені сатып алатын болсаң, зияны мен пайдасы бір шамада болсын. Біреуді зиянға отырғызу мәселе-сін ойлама. Табысыңның үстінен көтере қаражат жасама. Егер дүниеңді көбейткің келсе, зиян келті-ретін пайдадан сақтан. Мырза боламын деп кедей-ленбеуді, біреуге қадірлі боламын деп, біреуге жексұ-рын болмауды ойлан. Әрбір істе сабырлы бол, сабыр-лылық — ақылдылардың ісі. Өз пайдаң үшін бейтарап немқұрайдылық, асығып-аптығу — ақылсыздықтың белгісі. Асыққанмен іс орнына келмейді.

Егер үй сатып алғың келсе, жақсы адамдар тұра-тын көшеден алғын. Қаланың ішінен, дуалға тақау

' Жақшадағы сөздер Абдунасырұлы Абдухайым аудармасынан алынды.

үйлерді сатып алма. Арзандығына қызығып, ескі үй-лерді сатып алмағын. Үй алғың келсе, әуелі, көршіңді байқа. Арабтарда «Әуелі көршіні көр де, соңынан үй алғын» дейтін мақал бар.

Данышпан Бузржмехр: «Төрт нәрсе ауыр бәле-кет: бірінші — жаман көрші, екінші — үлкен семья, үшінші — жүзіқара қатын, төртінші — мұқтаждық», депті.

¥лы дәрежелі ғалымдармен және қызметшілер-мен көршілес үйлерді сатып алма. Үй сатып алған көшеде сен өзің ең дәулетті есебінде бол, көршілерің ынсапты адам болсын, үй алсаң көршіңді құрметтей біл, оның көршілік құқұқ-ақысын есептесіп отыр, өйткені «көршінің ақысы, құқы барлығынан да жоға-ры» дейді.

Өз көшеңдегі, аулыңдағы адамдармен тату-тәтті бол, ауырып қалса көңілін сұрап, хал-жағдайымен хабарласып тұр, азалы болса көңіл айт, қазасына қайғырып, жәрдеміңді аяма.

Көршінің қуанышына сен де қуанғын. Мүмкін-дігі болса тәуір ас, киім-кешек сияқты сый-сияпат беріп, қуанышына ортақ бол. Сол көшедегі ең құр-метті кісілердің бірі бол. Ауылдастарыңның жас бала-ларын көрсең, бетінен сүйіп, бауырыңа бас. Ауылың-дағы қарттармен сәлемдесіп, олардың құрметіне ла-йықты бол. Егер біреу жақсылық немесе жамандық көрсе, өз пейіл-мінезінен табады, демек, өзіңе лайық-сыз іс істеме, жарамсыз сөз айтпа. Өйткені кімде-. кім жаман сөз айтса, жаман іс қылса, сол жағдай өзінің басынан қайтады. Үлкен қалада бол, сен онда жақсы өмір сүресің. Үй алсаң, басқалардан биіктеу болсын, бірақ жұрт сені көретін, сен жұртты көріп отыратын болма. Егер жер немесе бау-бақша алатын болсаң, сусыз, көлеңкесіз жерден алма. Надандардың жиналған жеріне қызықпа. Қандай жер алсаң да, кемшілігі болмасын. Жер алсаң оған үй-ғимарат сал, әр күні жаңадан жаңғыртып, әрлеп тұрсаң, сөнда ғана жайнап тұрғанын көресің. Жер мен бау-бақша, ғима-раттан қол үзбе. Егер қанша қызмет етсең, еңбегің жанып, еккен бау-шарбағыңның жемісін жейсің. Егер жерді өңдемесең, жер жүзі сенің мүлкің болса да, ешқандай пайдасы болмайды, бәлки, зияны болуы ықтимал.