2016 жылғы 16–19 ақпан аралығында Алматы қаласында республикалық ғылыми жобалар конкурсы өткізілді. Конкурсқа Қазақстанның барлық өңірлерінен 700-ден аса оқушы қатысты.

Павлодар облысынан конкурстың қорытынды кезеңіне 48 жобамен 65 оқушы, облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері, өтті. Конкурстың қорытындысы бойынша бірінші командалық жүлделі орынға Астана мен Алматы қалалары, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстары, екінші командалық жүлделі орынға Абай атындағы республикалық жалпы орта білім беру мектеп-интернаты, үшінші командалық жүлделі орынға Ақтөбе облысы командалары ие болды. Павлодар облысының құрама командасы бірінші орынға ие болып, төрт алтын (2 командалық), бес күміс (1 командалық және 3 жеке) және он алты қола (5 командалық және 6 жеке) медальдарымен марапатталды.

Біздің мектептен қатысқан 5 оқушының 3-уі жүлдемен оралды. 10 сынып оқушысы Ниязов Амангазы 2 орын (ғылыми жетекшісі Кенжебекова Ү.Т), 11 сынып оқушылары Даниярова Аяулым және Омарова Жанель (ғылыми етекшісі Қапашева Қ.Қ) 3 орынды иеленді.

Білім бәйгелерінен оза шауып, алдағы сынақтардан сүрінбей өтіп, талай биіктерді бағындыруларыңызға тілектеспіз!

 

Құттықтау !

 

«Жарқын болашақ» VІІІ республикалық KATEV қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңінде «Тілші - әдебиетшілер», «Сөз шеберлері» бағыттары  бойынша 11а сынып оқушылары

Даниярова Аяулым  - ІІІ орынды;

Тулеутай Еламан – ІІ орынды

жеңіп алды.

 

Жүлдегерлерімізді сапалы дайындап, үкілеп додаға қосқан пән мұғалімі

Қапашева Қымбат Қабатайқызы

«Т І Л   Ж А Н А Ш Ы Р Ы»

номинация –мадақтама сувенирімен марапатталды. 

Білім, көркемсөз оқу бәйгесінде мектеп мәртебесін биікке көтерген ұстазымыз бен шәкірттерімізге зор алғысымызды білдіреміз!!!

«Зерде» мектебінің  ұжымы  

12.02. 2016 жыл

2016 жылдың 10 ақпанында «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық» апталығына орай, ана жүрегі, ана мейірімінің ыстық әрі ықыласты екенін жеткізу мақсатында «Алтын жүрек анамыз» атты бастауыш сынып оқушыларының арасында ана туралы өлеңдерді мәнерлеп оқу сайысы жүргізілді. Сайысқа 2-сыныптан Қайриден Мадияр, Оразбекова Алина, Шиянбина Аружан, 3-сыныптан Тоқбердинова Лейла, Шиянбина Анель, Сағынбек Адина, 4-сыныптан Ержанов Диас, Амангелдинов Айзат, Дюсенбаев Рауан қатысты. Сайыстың нәтижесі мектеп жиналысында белгілі болады. 

2016 жылдың 5 ақпанында «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі апталықтың ашылу салтанаты өтті. Апталықтың мақсаты тәрбие және білім беру жүйесінде балалар мен жастардың адамгершілік-рухани мәдениетін жетілдіру, оқушыларды жалпы адами құндылықтар әлеміне тартып, адамзаттық мәдениет қалыптастыру. Апталықтың ашылу салтанатына 5-сынып оқушылары анаға арналған өлеңдерін оқыды. Сонымен қатар, «өмір – біздің әрекеттеріміздің айнадан кері шағылысуы ғана» деген ұстанымды алға қойып, көрініс арқылы оқушыларды дұрыс әрекетке бағыттаудың жолын көрсетті.

Бүгін, 9 ақпан күні мектебімізде   ақиық ақын  Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай үлкен қоңырауда ақын өлеңдері оқылды. Мектептің акт залында  ақын өміріне байланысты  «Мәңгі өлмейтін жыр -ғұмыр» тақырыбында презентация көрсетіліп, ақынның өз дауысымен жазылған өлеңдері берілді.

Апталықтың ашылуы 27 қаңтарда «Кітап – біздің досымыз» ертеңгілікпен басталды. Ертеңгілік тұрақты тіркес, мақал-мәтелдер бойынша оқушы, мұғалім, ата –ана арасында тұтқиылдан сұралып, 3-сынып жетекшісі Айтимова А.Б басшылығымен ашылды. Мектеп фойесінде өткен сұрақтарға оқушы, ата –ана, ұстаздар кітап туралы мақал – мәтелдер айтып, жұмбақ шешіп, Ы.Алтынсариннің «Кел, балалар оқылық!» өлеңін жатқа айтқан ата –аналар да болды.

Алматы қаласында өткен Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар сайысына 2 жоба қатысып, Ниязов Аманғазы  «Дарын» орталығының  «Құрмет грамотасымен» марапатталды, ғылыми жетекшісі  Кенжебекова Ү.Т.; Асмиева Инкара  ІІІ орынды жеңіп алды, ғылыми жетекшісі Қосыбаева Қ.Т.

Ақпанның 18 – і күні Павлодар қаласында 5-6-сынып оқушылары арасында өткен облыстық кешенді олимпиадада 5б сынып оқушысы Биксултанов Диаз ІІІ орын, 6б сынып оқушысы Умарова Асель ІІ орынды жеңіп алды. Пән мұғалімдері Амренова Қ.А., Кенжетаева С.Қ., Ғабит Л. Кенжебекова Ү.Т, Жылқыбаева Р.Ж.

Павлодар облысының білім басқармасының 2015 жылғы 02 ақпанда бекітілген №40 бұйрығына сәйкес, дарынды оқушылардың білімдерін тереңдету мақсатында, дарынды балаларды анықтау үшін аймақтық «Ертіс дарыны» ғылыми – тәжірибелік орталығы наурыздың 4-і 3-10-сынып аралығында облыстық интеллектуалды марафон өткізеді.  3-5-сынып: математика, қазақ тілі, жаратылыстану; 6-10-сынып: математика, қазақ тілі, Қазақстан тарихы, география 
Қатысу ерікті және ақылы (300 т.) Сұраныс ақпанның 16-на дейін /дүйсенбі соңғы күн/ қабылданады.
                                                                                                                                                                                              Ғылыми - әдістемелік кабинет

«Русский медвежонок» ойын-сайысында 9а сынып оқушылары Болпакова Наргиз, Ерғали Толқын, Cерикбаева Қарлыгаш ІІІ орындарды жеңіп алды. Пән мұғалімі Нуркина Е.С.