Ей, перзентім, егер әскер басы болсаң, әскеріңе қамқорлық жасай білгін. Падиша жағынан да, өз жағыңнан да оларға жақсылық жасаудың жолын қарастырып, қатаң тәртіпке үйреткін. Әрдайым сесті бол, әскери өнер, соғысудың жолдарын жақсы білгін. Соғыс кезінде қолдың оң қанаты мен сол қанатына шабуылға көп қатысқан, ысылған қолбасшыларды жібергін. Ер жүрек, батыл деген әскерлер тобын артқы шепте ұстағын. Әскеріңнің артқы жағының қуатты болғаны жақсы. Егер жау қуатсыз болса да, оны әлсіз деп ойламағын. Күшті жаудан қалай сақтансаң, осал деген жаудан да солай сақтанғын. ¥рыс кезінде үміт- сіздікті ойыңа алушы болма. Үмітсіздік әскеріңді жеңіліске ұшыратады, ал уайымшылдық әскеріңнің шегінуіне себепкер болады. Жансыз барлаушы жібе- ріп, жауыңның жағдайынан хабардар болғын. Күндіз- түні қаржы жіберіп тұруды тоқтатпа. Соғыс күні әскеріңнің қимылын бақылай тұрғын. Екі әскер бір- біріне бетпе-бет келгенде жарқын жүзді, өткір сөзді болғын. Әскерлеріңе «жауларды бір ит сияқты біз оны бір сағатта талқандап тастаймыз» деп жігерлендіргін. Әскерді жауға қарсы бәрін бірден шабуылға шығарма. Падиша алдында сапқа тұрғызып топ-тобымен біртін-дей жібергін. Қолбасшыларыңды жеке-жеке дайын-дағын. Және бұйрық бергенде: «Ей, пәленше, сен өз адамдарыңмен пәлендей жауға қарсы барғын» дегін. Кеңесшілерің әрдайым қасыңда болсын. Әскерлерің-нен соғыс кезінде біреуді аттан құлатып, жарадар етсе, жауды тұтқындаса немесе атын ұстап алса, яғни басын кесіп әкелсе, сол сияқты басқа да көзге түсетіндей қызмет көрсетсе, оларға істеген қызметіне ылайықты ғана емес, екі есе артық сыйлық бергін. Бас-аяғын жаңалап киіндір. Жалақысын көбейткін. Дүниеңді дәл осы кезде жұмсағын. Сонда ғана ойла-ған мақсатыңа тез жетесің. Мұндай іске жомарттық жасасаң, жеңіс те сенің қолыңда болады. Сонымен жеңіске жеткен күнде қуаныштан асып-таспағын, өз орныңда табандылық көрсеткін. Жауға қарай ат қою-шыдан болма. Өйткені әскер басылардың жарақат-тануы, басқа бір жағдайға тап болуы — ұят жағдай. Соғысқа кіргенде батыл болғын, қашу дегенді ойыңа алмағын. Өлімнен қорықпағын. Әрбір әскер өлімнен қорықпайтын дәрежеде болса, ол әскерлердін шебін ешбір жау ала алмайды. Жеңсең, қашқандар-дың ізіне түсіп қума. Қашқанды қуғанда қатерлі жағ-дай көп кездеседі. Менің атамның әдеті осындай еді. Сұлтан Махмуд та осы жолды ұстап қашқанның со-ңына түсіп қумайтын. «Қашқан адамдар жан аямай қарсы әрекет істейді. Әрбір адам жан-жақтан әрекет-ке кіріссе, әлбетте жеңіске қолы жетеді» дейтін. Соғыс кезінде бір адым да кейін шегінуші болма. Егер бір адым кейін шегінсең, шегіне беруге бейім болып қаласың. Әрдайым әрекет жасап, қалайда тұрған жеріңнен бір адым болса да алға ұмтылуға әскерлеріңнің күш қуатын жұмылдыр. Қандай жағдайда да әскерлеріңе көңілді, мәмлелі болғын, бір үзім нан, бір кесе су тап-саң, олармен бөлісіп жеп, бөлісіп ішкін. Бір үзім нан-ның қызметін көптеген алтын, асыл бұйымдар атқара алмайды. Әскерлердің әрдайым көңілін көтеріңкі ұста. Егер олар сенен жанын аямасын десең, олардан сен наныңды аямағын. Сенің қолың падишалық дәре-жесіне жететін болса, падишалықтың жолын да жақ-сылап біліп алғын.