Кеше мектебіміздің 9-11-сынып оқушылары мен мектеп мұғалімдері  республикалық жалпыхалықтық диктантқа қатысты. Қатысушылар саны – 110. Диктант латын әліпбиінде жазылды. Жалпыхалықтық диктанттың мақсаты –  жаңа қазақ әліпбиін насихаттау. Латын негізді қазақ әліпбиін практикалық тұрғыда меңгеруге дағдыландыру мақсатында республикалық деңгейде өтті.Диктант «Рухани жаңғыру»  тақырыбында аудиожазба арқылы алынды. 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығына сәйкес «Мемлекеттік тілде оқытатын «Зерде» дарынды балалар мектебінде Қамқоршылық кеңестің құрылатындығын хабарлаймыз. Қамқоршылар кеңесінің құрамы 1 жылға сайланады. Қамқоршылар кеңесінің құрамы бойынша ұсыныстарды This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. поштасына жіберулеріңізді сұраймыз. Ұсыныстар 26.10.2018 дейін қабылданады.

Қамқоршылық кеңестің құрамына мыналар кіреді:

  1. Жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері;
  2. Жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкілдері;
  3. Коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері;
  4. Ата-аналар комитеті ұсынған өкілдер;
  5. Қайырымдылық жасаушылар.

Қамқоршылар кеңесінің өкілеттілігі:

  1. Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің құқықтарының сақталуына, сонымен қатар білім беру мекемесінің шотына түсетін қайырымдылық көмектің жұмсалуына қоғамдық бақылауды жүзге асырады.
  2. Білім беру ұйымының жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзірлейді;
  3. Білім беру ұйымын дамытудың басым бағыттары бойынша ұсынымдарды әзірлейді;
  4. Қазақстандық азаматтардың отбасына жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мәселелері жөнінде шараларды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді;
  5. Қайырымдылық көмек ретінде білім беру ұйымдарына түскен қаржыны бөлуге қатысады және оның мақсатты жұмсалуы туралы шешім қабылдайды;
  6. Білім беру ұйымдарының бюджетін қалыптастыру барысында ұсыныстар әзірлейді;
  7. Тиісті саланың уәкілетті органына немесе білім саласындағы жегілікті атқарушы органына Қамқоршылық кеңестің білім беру ұйымдарының жұмысында анықталған кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар енгізеді.
  8. Білім беру ұйымы басшысының білім беру ұйымының қызметі туралы, оның ішінде білім беру қызметін ұсыну сапасы, қайырымдылық көмектің жұмсалуы және қазақстандық азаматтардың отбасыларына жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мәселесі жөнінде шараларды қабылдау туралы есебін тыңдайды;
  9. Білім беру ұйымы қызметінің мәселелері бойынша конференцияларға, кеңестерге, семинарларға қатысады;
  10. Білім беру ұйымы қызметімен, білім беру ұйымындағы білім алушыларға және тәрбиеленушілерге жасалған жағдайлармен танысады, білім беру ұйымының психологын қатыстыра отырып, олармен әңгімелеседі.

Облыстық білім беру басқармасының 2017 жылғы 20 қазандағы «Облыс білім беру ұйымдарында» қамқоршылық кеңестерін құру туралы №452 бұйрығына сәйкес мектепте құрылған қамқоршылар кеңесінің құрамы мерзімінің өтуіне байланысты 2018 жылғы 20 қазанда таратылатынын хабарлаймыз.

Өткен аптада өткен «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» республикалық инновациялық идеялар конкурсының облыстық кезеніне мектебімізден қатысқан10 сынып оқушысы Байгожин Темирлан «Ауыл шаруашылық техника мен жабдықтар саласындағы жобалар» номинациясындаІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Дайындаған пән мұғалімі: М.М.Калиев

 

2018 жылғы 4 қазанда өткізілген 7-9 сынып оқушыларына арналған «Өзін-өзі тану» пәні бойынша республикалық олимпиадасының облыстық кезеңіне қатысқан 17 команда 51 оқушы құрамында мектебіміздің командасы ІІІ орынды иеленді. Олар: 7, 8, 9 - сынып оқушылары Камалиева Бота, Женисова Дильназ, Мухтарбек Асель. Жүлдегерлерді дайындаған: Өзін – өзі тану пәні мұғалімі Т.М Ташимова 

ҰБТ-ға   дайындық барысында ақылы тестілеу, яғни тестілеу кітапшаларын сатып алу   жүзеге асырылмайтындығын хабарлаймыз.

ҰБТ-ға дайындық оқулық, интернет желісі арқы алынған материалдар, басқа да ресурстар пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

                                                                   Әкімшілік.

Құрметті де аяулы, Шәкіртке білім нәрін берген, тәрбие дәнін еккен Ұстаздар!
Кәсіби мерекеміз Ұстаздар күні баршамызға құтты болсын!

Мереке қарсаңында бірқатар Ұстаздарымыз Құрмет Грамоталарымен марапатталды:
- Жумадилова Гульнар Магатовна - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
Құрмет Грамотасы;
- Жантемирова Рыстыгүл Баттаховна - Облыстық Білім беру басқармасының Құрмет Грамотасы;
- Махметова Жұмагүл Карибаевна - Облыстық білім беру басқармасы,
Зерттеуші педагог номинациясы;
- Кенжебекова Үміт Тұрсынтаевна - Қала әкімінің Құрмет Грамотасы;
- Исабаева Гульсара Бекеновна - Қалалық маслихаттың Құрмет Грамотасы;

Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында жас ұрпақты тәрбиелеуге қосқан зор үлесі үшін Кенжетаева Сауле Қуандыққызына, Дүсіпова Ақлес Әділбайқызына,
Дарынды балаларды анықтап, шығармашылығын шыңдаудағы игілікті ісі және шығармашылық еңбегі үшін Калиев Мансұр Масғұтұлына, Камзина Дана Калымкуловнаға мектеп директорының Мадақтама Грамоталары берілді. 

 

Ұстаздар күніне байланысты ата-аналардың,
оқушылардың, түлектердің ізгі тілектері

осы сілтемеге өту арқылы Сіз де Құттықтау тілегіңізді білдірі алассыз.