Желтоқсанның 7-сі Павлодар қаласында өткен облыстық ғылыми жобалар сайысына 12 жоба қатысып, 10 жоба жүлделі орынға ие болды.

І орын

Ниязов Аманғазы - ғылыми жетекшісі Кенжебекова Ү.Т.;
Жансултанова Акбота - ғылыми жетекшісі Жантемирова Р.Б.;
Каржаубаева Дана - ғылыми жетекшісі Исабаева Г.Б.;
Жумабекова Айдана, Макимова Диана - ғылыми жетекшісі Жетпісбаева Т.Қ.;

ІІ орын
Даниярова Аяулым, Омарова Жанель - ғылыми жетекшісі Қапашева Қ.Қ

ІІІ орын

Бегендикова Әсем - ғылыми жетекшісі Жетпісбаева Т.Қ.
Ибраев Ержан және Кенжебаев Асқар –ғылыми жетекшісі Қосыбаева Қ.Т.;

Айболтенова Мадина, Закареева Аида –
ғылыми жетекшісі Қосыбаева К.С.;
Жеңісқызы Айдана - ғылыми жетекшісі Кенжетаева С.Қ.

Менің сыныптасым Әнуар «Жүректен жүрекке» акциясы аясында қайырымдылық іс жасауды ұйғарды. Біз оның осы ісін қолдадық. Себебі ол өте керемет ой болды. «Ғажайыптар әлемінде» атты мерекелік шырша қойылымын №19 мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы мектепте көрсеттік. Мен мыстан кемпір рөлін ойнадым. Шынымды айтсам, менен балалар «қорқа ма екен» деп ойладым. Керісінше, мен оларға ұнап қалған сияқтымын. Бірінші рет осы балаларды көргенде, жылағым келіп кетті. Жүрегім мың бөлшекке бөлініп кеткендей болды. Қатты аяп кеттім. Бір сағат ішінде олармен бұрыннан дос болып кеткендей сезімде болдым. Олар мүгедектігіне қарамай, өмірдің  қызығына қуанып жүретіндері маған ұнады. Өздері бір тәртіпті, әдепті балалар екен. Біздің келетінімізді білмеген балалардың қуанышы соншалық -  менің  жүрегімді бақытқа толтырды. Соңында би биленіп, ән айтылып, тәттілер таратылып, өзіміз де тәттіге ие болып мектепке шуақты көңіл-күймен қайттық. Осы қайырымдылық іс маған ұнады. Осы іс жалғасын табады деп сенемін.

«Зерде» дарынды балалар мектебінің

8 «а» сынып оқушысы Азаматова Нұрай

 «Зерде» мектебінің 8 «а» сынып оқушыларының ұйымдастыруымен желтоқсанның жиырма төртінші жұлдызында Жаңа жыл мерекесіне орай «Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған №19 арнайы коррекциялық түзеу мектебінде» «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық концертін өткізді.

Осы мерекелік жиынды Ахметбай Дәуір «Түрікмен» атты сазды күйімен, Елтаева Дариға әсем әнімен бастап, ертегі мен мультфильмдегі балалардың сүйікті кейіпкерлері «Ғажайыптар әлемінде» атты қойылымда өз өнерлерін көрсетті. Кейіпкерлер жаңа 2015 жылға тілек айтып, ойын ойнатты, шырша айналасында мерекелік әндерді шырқап, олардың көңіл-күйлерін көтерді. Мерекенің сәнін келтірген Аяз ата мен Ақшақар балалардың белсенділігін көріп, тәттілерді сыйлады.

Осы іс-шара ұйымдастырушысы Жұмабеков Әнуар болды.

Біз осы бағдарламаны балаларға шаттық, мереке сыйлау үшін жасадық. Жауапкершілікпен қараған қатысушылар өз рөлдерін әртістік шеберлікпен сомдады. Балалардың жүздеріндегі күлкі мен қуаныш – біз үшін басты мақсат.

Қайырымдылық – ұлағатты іс. Ол адамның жақсы жақтарының молдығын көрсетеді. Мен өз сыныбыммен керемет іс жасаудағы алған өнеге мен жақсы көңіл-күйді ұмытпаймын.

«Зерде» дарынды балалар мектебінің

8 «а» сыныбының оқушылары

 Сайранова Әлия мен Жұмабеков Әнуар

  SAM 8a3863Біз 2014 жылдың  желтоқсан айының 24 жұлдызында сыныптасымыз Жұмабеков Әнуардың ұйымдастыруымен және оның белсенділігі мен үлкен жауапкершілігінің арқасында, «Жүректен жүрекке» атты акция аясында №19 мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектепте жаңа жылдық қойылым көрсеттік. Мен жүргізуші болып, ең бірінші бастағандықтан, біраз қобалжыдым, бірақ көрермендер мені жылы қарсы алды. Қойылым өте жақсы өтті. Тек қана балалар өнер көрсеткендіктен болар, біз бір-бірімізді жақсы түсініп, қарым-қатынасымыз да жақсы болды. Соңында, мұғалімдері бізге алғыс айтып, тәтті сыйлықтармен шығарып салды. Ол - бізге үлкен өнеге, сауапты іс болды.

«Зерде» дарынды балалар мектебінің

8 а сынып оқушысы Қайыркен Нұргүл

Объявление о конкурсе

ГУ «Специализированная общеобразовательная школа  «Зерде» с государтсвенным языком обучения для одаренных детей», www.ekbzerde.kz,  город Экибастуз, ул. Строительная  97 объявляет о проведении конкурса «Выбор поставщика услуги по организации питания обучающихся в ГУ «Специализированная общеобразовательная школа  «Зерде»  с государственным языком обучения для одаренных детей»

Услуга должна быть оказана: город Экибастуз, ул. Строительная 97;

Общее количество получателей услуги в ГУ «Специализированная общеобразовательная школа «Зерде»  с государственным языком обучения для одаренных детей 415 учащихся, из них обучающихся, обеспечивающихся бесплатным питанием за счёт бюджетных средств - 14 учащихся;

Сумма, выделенная для обеспечения бесплатным питанием обучающихся за счёт бюджетных средств 783 000 (Семьсот восемьдесят три тысячи) тенге 00 тиын.

Сумма питания на одного учащегося 250 (Двести пятьдесят) тенге 00 тиын.

Срок оказания услуги - 2 февраля 2015 года по 25 мая 2015 года и

с 2 сентября 2015 года по 30 декабря 2015 г.                                                           

         К конкурсу допускаются все потенциальные поставщики, отвечающие требованиям конкурсной документации.

        Пакет копии конкурсной документации можно получить в срок до 18.00 часов «21» января 2015 года включительно по адресу: г.Экибастуз, ул.Строительная 97, кабинет бухгалтерии школы.

Скачать копии конкурсной документации

Конкурсные заявки на участие в конкурсе, запечатанные в  конверты, представляются (направляются) потенциальными поставщиками в
ГУ «Специализированная общеобразовательная школа
 «Зерде» с государтсвенным языком обучения для одаренных детей» по адресу: г.Экибастуз, ул.Строительная 97, кабинет главного бухгалтера.

Дата начала приема заявок 30 декабря 2014 года с 15:00 часов.

Окончательный срок представления заявок на участие в конкурсе до 18 час 00 мин. 21января 2015 года включительно.

Конверты с заявками на участие в конкурсе будут вскрываться
по следующему адресу:
город Экибастуз, ул. Строительная 97  кабинет директора в 10-00 час. 22 января 2015 года.

Дополнительную информацию и справку можно получить по
 телефону: (87187) 77-59-33, 77-96-75, 77-95-75.

Конкурс туралы хабарландыру

«Мемлекеттік тілде оқытатын дарынды балаларға араналған  «Зерде» мамандандырылған жалпы білім беру мектебі»  мемлекеттік мекемесі білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша конкурс өткізетінін хабарлайды.

Қызмет көрсету:  Екібастұз қаласы, Строитель көшесі 97 мекенжайында.  (www.ekbzerde.kz).

Барлық оқушылар саны 415, оның ішінде бюджет есебінен тегін тамақпен қамтамасыз етілетіндер саны 14 оқушы.

Бюджет есебінен тегін тамаққа бөлінген сома 783000 (жеті жүз сексен үш мың) теңге 00 тиын, қызмет осы бөлінген ақша көлемінде көрсетілуі тиіс.

Қызмет көрсету мерзімі:  2015 жылдың 2 ақпанынан 25 мамырына дейін және 2015 жылдың 2 қыркүйегінен 30 желтоқсанына дейін.

Конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін барлық әлеуетті өнім берушілер конкурсқа жіберіледі.

Конкурстық құжаттама көшірмелерінің топтамасын 2015 жылғы 21 қаңтарға дейін мерзімді қоса алғанда сағат 18.00 дейін мына мекенжай бойынша алуға болады:

Екібастұз қаласы, Строитель көшесі 97, Зерде мектебінің бухгалтериясы.

Конкурстық құжаттама көшірмелерінің электронды нұсқасын жүктеу. 

Конвертке салынған конкурсқа қатысуға өтінімдерді әлеуметті өнім берушілер «Мемлекеттік тілде оқытатын дарынды балаларға араналған  «Зерде» мамандандырылған жалпы білім беру мектебі»  мемлекеттік мекемесіне,  Екібастұз қаласы, Строитель көшесі 97, бас бухгалтер кабинетіне жібереді. 

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің басталу мерзімі:

 2014 жыл, 30 желтоқсан, сағ 15.00.

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің соңғы мерзімі:

2015 жыл, 21 қаңтар, сағ 18.00.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер 2015 жылдың 22 қаңтарында сағат 10.00-де, Екібастұз қаласы, Строительная көшесі 97 мекенжайында, директор кабинетінде ашылады.

Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефондар арқылы алуға болады:

8(7187)775933, 779675. 

Республикалық «Ақбота» сайысында 14 оқушы жүлделі орынға ие болды. Манарбекұлы Мақсат 3-сынып І орын, Айнабек Рухсана 6б сынып ІІ орын, Жардембеков Динмухамед 7а сынып ІІ орын, Амержанова Бахтыгуль 8а сынып ІІ орын, Макимова Диана 9б сынып ІІ орын, Ерғали Мирас 4-сынып ІІІ орын, Ибрагимова Аяулым 5а сынып ІІІ орын, Мухтарбек Асель 5а сынып ІІІ орын, Токсанбаева Инара 5а сынып ІІІ орын, Жанкина Аяулым 6а сынып ІІІ орын, Серік Әдемі 6б сынып ІІІ орын, Беделғазы Бауыржан 7а сынып ІІІ орын, Мустагулова Лейла 8б сынып ІІІ орын, Қаржаубаева Дана 9б сынып ІІІ орын

1.Ниязов Аманғазы І орын, жетекші Кенжебекова Ү.Т.
2.Асмиева Инкар ІІ орын, жетекші Қосыбаева Қ.Т.
3.Ибраев Ержан ІІІ орын, жетекші Матей Х.
4.Жансултанова Акбота ІІІ орын, жетекші Жантемирова Р.Б.
5.Жумабекова Айдана , Макимова Диана ІІІ орын, жетекші Жетписбаева Т.Қ.
6.Аубакирова Айгерим ІІІ орын, жетекші Амренова Қ.А.

Қазақстан интернет олимпиадасында мұғалімдер арасында географиядан Кенжебекова Үміт Тұрсынтаевна ІІІ орынды жеңіп алды.

Мұғалімдер арасында өткен «Ақпараттық – коммуникациялық технологиялар білім беруде» атты облыстық сайыста Жантемирова Рыстыгүл Баттаққызы ІІІ орынды жеңіп алды.

Павлодар қаласында өткен «Зерде» облыстық ғылыми жобалар сайысына 6 жоба қатысып, ІІІ орынға 3 жоба ие болды. Кулмаханова Назгул, Серік Әдемі 6б сынып (ғылыми жетекшісі Сыздыкова С.А.);Сериков Бекарыс, Биксултанов Диаз 5б сынып (ғылыми жетекшісі Темірханова Ә.Б.), Манапова Зарина 5б сынып (ғылыми жетекшісі Сарсенов Р.Қ.)

tauelsizdik

Мектеп оқушыларын Мағжан Жұмабаев рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, жас ұрпаққа тереңірек таныстыру мақсатында 2014 жылғы 4 желтоқсан күні Павлодар қаласының № 19 жалпы орта білім беру мектебінде  жалпы білім беретін оқу орындарының 5-11 сынып оқушыларыарасында ІІ облыстық Мағжан оқулары  өткізілді. Біздің мектептен қатысқан 3 оқушының екеуі жүлдемен оралды.

Мағжан оқулары үш бағыт бойынша өткізілді.

«Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» - жас дарындар бағытында І дәрежелі дипломына ие болған 10 сынып оқушысы Тулеутаев Еламан, дайындаған пән мұғалімі Қапашева Қ.Қ.

«Өлең– менің Шолпаным, Айым, Күнім» - Мағжан шығармаларын жатқа оқу бағытында  ІІ дәрежелі дипломының иегері  9 сынып оқушысы  Ниязов Аманғазы, пән мұғалімі Жетпісбаева Т.Қ.

Жеңістеріңіз құтты болсын! 

 

 

Құрметті Ұстаздар, оқушылар, ата-аналар!

Келе жатқан жаңа жыл мерекесі баршамызға құтты болсын! Жаңа жылдан бәріміз жақсылық күтеміз, өткен жылға қарағанда келе жатқан жаңа жылда көбірек ырыс, көбірек береке, молшылық, бақытты сәттер көп болатын секілді. Күткен жақсылықтарымыз орындалсын, тіпті біз ойламаған, күтпеген бақыт келіп басымызға қонуы мүмкін, соған тілектеспін, өйткені адам нені ойлайды сол келеді деген ұғым бар. Сондықтан тек қана жақсылықты ойлаңыздар, бір – біріңізге де жақсылықты көбірек тілеңіздер. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, Жылқы жылы жақсылыққа толы жыл болсын, Зерде мектебінің де жаңа жылда алатын асулары көп болсын!  

Қазақ тілінен Жумабекова Айдана , Макимова Диана І орын (пән мұғалімі Жетпісбаева Т.Қ.); Қазақ әдебиетінен Мусарепова Диана ІІ орын (пән мұғалімі Қапашева Қ.Қ.), , Мұқатай Айғаным ІІІ орын  (пән мұғалімі Нұртаева Н.Қ.),

ІІІ орын:Джандигулова Жанна (ғылыми жетекші Жумадилова Г.М.), Каржаубаева Дана (ғылыми жетекші Нуркина Е.С.), Есмуханова Айдана  (ғылыми жетекші Қосыбаева К.С. ),            ІІ орын: Сыздыкова Аида  (ғылыми жетекші Жантемирова Р.Б.), Кажимова Самал, Мұқатай Айғаным (ғылыми жетекші Нуртаева Н.К.), І орын: Балганова Мадина,  Бахадыр Ақгүл (ғылыми жетекші Нуртаева Н.К.)

   Х мектепішілік пән олимпиадасы ашылу салтанатында мектепішілік пән олимпиадасы туын облыстық жасөспірімдер олимпиадасының жүлдегерлері Даниярова А., Жансұлтанова А., облыстық пән олимпиадасының жүлдегерлері Сайпен Н., Зекебай З. енгізді. Облыстық пән олимпиадасының жүлдегерлері Кажимова С. олимпиада туын көтеріп, Мұқатай А. алғаш рет білімдерін сынағалы отырған 3-сынып оқушыларына жүрек жарды лебізін білдірді.

   Екі күн өткен білім бәйгесінде 130 оқушы жүлдегер атанды. Командалық сайыс нәтижесі бойынша "Үздік олимпиадалық команда - 2013" атағын 11а сыныбы және 6а сыныбы жеңіп алды.  Х мектепішілік пән олимпиадасы жабылу салтанатында мектепішілік пән олимпиадасы туын түсіру құрметіне ие болған: екі пәннен бірдей І орынды жеңіп алған 7 а сынып оқушысы Сайранова Ә. Ал екі  пәннен жүлдегер Аленаева А., Сыздыков Ә., Айнабек Р., Қақабай Б. олимпиада туын шығарды. Салтанатты жиын аймақтық олимпиадаға ұсынылған 37 оқушыға сәттілік тілеп, олимпиада әнұранын орындаумен аяқталды.

   Желтоқсанның 6-сы Павлодар қаласында 7-8-сынып оқушылары арасында химия пәнінен өткен облыстық жасөспірімдер олимпиадасында Бегендикова Әсем ІІ орынға ие болды. Пән мұғалімі Қосыбаева Құралай Төкенқызы

Джандигулова Жанна«Логика әлемінде» саиты (информатика) 11 сынып          ғылыми жетекші Жумадилова Г.М.,

        Нурмагамбетова Алина, Бегендикова Асем «Қорқынышты фильмдердің адам психикасына әсері» (қоршаған орта және адам денсаулығын қорғау) 8 сынып ғылыми жетекші Жылқыбаева Р.Ж.,

        Каржаубаева Дана «Семантический анализ русско -   казахско - английских соматизмов»іл білімі) 8 сынып ғылыми жетекші Нуркина Е.С.,

        Толеш Гүлнар «Ұлттық сананы қалыптастыруда алаш идеясының тарихи рөлі» (тарих) 10 сынып ғылыми жетекші Турганбаева А.О.,

Кажимова Самал, Мұқатай Айғаным«Мақалалар тақырыптарының прагматикалық сипаты» (тіл білімі) және  Балганова Мадина, Бахадыр Ақгүл «С. Дөнентаевтың публицистикасы» (әдебиеттану) 11 сынып ғылыми жетекші Нуртаева Н.К.

        Сыздыкова Аида  «Тарих тұңғиығында: «Алтын киімді адамдар» және «Алтын адамдар» 11 сынып және Жансултанова Акбота «Мұртты обалар сыры» (тарих) 8 сынып, Байбек Ұлболсын «Ұлттық күнтізбеде ұлттық айшық бар» (этномәдениеттану)  10 сынып ғылыми жетекші Жантемирова Р.Б.

        Желтоқсанның 12-сі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында өтетін облыстық сайыста сәттілік тілейміз!!!

 

І облыстық Мағжан оқулары сайысында «Толқынмен толқын сырласып...» М.Жұмабаевтің шығармалары бойынша зерттеу жұмыстары бағытында Ашимова Аяжан ІІІ орынға ие болды. Пән мұғалімі Исабаева Г.Б.

Сүйінші!!!

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне орай өткізілген ту ұстаушылар сайысында «Зерде» мектебі ІІІ орынды жеңіп алды. Команда құрамы: Сагинбаев Айдын, Сайпен Нариман, Серіков Еламан. Дайындаған әскери жетекші Нұртаев З.Т.

2012 жылдың 12 желтоқсанында өткен Қазақстан Республикасының Тәуілсіздік күніне арналған оқушылар арасындағы "Ту ұстаушылар" жарысында мектеп командасы 3 орынды жеңіп алды.


Казгидрометтің хабарлауы бойынша Павлодар облысында 2012 жылдың 10-14 желтоқсан күндері аралығында ауаның температурасы күрт төмендейді, түнде 25-30 дан 30-35 ке, кейбір жерлерде 40 градус аяз болады.


Сүйінші!!!

Желтоқсанның 6-сы оқушылардың облыстық ғылыми жобалар сайысына Балған Мадина, Бахадыр Ақгүл, Сушина Арайлым, Тұрлыбек Күміс, Қажимова Самал, Мұқатай Айғаным, Серікбаева Айнаш, Ақжүнісов Айдос, Иген Нияз, Мусадилов Шыңғыс қатысып, мектеп намысын қорғады.

Серікбаева Айнаш І орынды жеңіп алса, Қажимова Самал, Мұқатай Айғаным ІІІ орынға ие болды.

Ғылыми жетекшілері Айтжанова А.Е., Нұртаева Н.Қ.

Кешенді олимпиада екі турдан тұрады. І тур – теориялық (іріктеу туры) 20.12 интернет арқылы өтеді.

1 сағатта 20 тапсырма беріледі. Дайын жауаптардың ішінен дұрысын таңдау керек.

Негізгі пәндер: математика және жаратылыстану бағыты.

ІІ тур – практикалық (финал) наурыз айына жоспарланды.

Қалай қатысуға болады?

1. Тіркеуден өту (регистрация) www.cdo.kz

Бұл – жеке өзіңізге ғана қатысты мәселе болғандықтан, пароль, логинді ұмытпа, жазып ал. Мектепті школа «Зерде» деп көрсет.

2. Сізге жеке есепшот беріледі.

3. Көшеде, дүкенде тұратын мультикиоскіге барып, сол жеке есепшотқа ақша сал.

Бір олимпиада – 200 теңге.

Мультикиоск (банкинг) ақша салу үшін:

- оплата услуг

- другие услуги - КИО

- жеке есепшот нөмерін теру

- ақша салу

4. Олимпиадаға бір күн ғана берілген. 20 желтоқсан олимпиадаға қатысуды ұмытпа!!!.

Желтоқсанның 3-25-і аралығында биология, химия пәндерінен өз біліміңді сынауға болады. Ол үшін www.cdo.kz саитында тіркеліңіз.

Желтоқсанның 3-25-і аралығында биология, химия пәндерінен өз біліміңді сынауға болады. Ол үшін www.cdo.kz саитында тіркеліңіз.

Сүйінші !!!

Облыстық «Тәуелсіздіктің тағылымды 20 жылы» шығармалар сайысының іріктеу турынан өткен оқушыларымыз жеңіспен оралды:

          1.9А сынып оқушысы Кожимова Самал  І орын

                                              Пән мұғалімі:  Нұртаева Назымгүл     Құдышқызы

2. 10б сынып оқушысы Серікбаева Айнаш  «Алау» номинациясы

                                     Пән мұғалімі: Сыздықова Сандуғаш Ағзапқызы

 

Қаламдарыңыздан төгілген сөз маржаны толастамай, мұқалмай білім бәйгесінің жолашары болсын!

                                                                                                             Мектеп ұжымы,09. 12. 2011жыл


Сүйінші !!!

Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерекесіне байланысты өткізілген облыстық «Тәуелсіздіктің тағылымды 20 жылы» атты шығармалар сайысында  192 жұмыстың ішінен:

Қажимова Самал – 9а сынып оқушысы;

Пән мұғалімі: Нұртаева Н.Қ.

ҮІ Облыстық Мұқағали оқуларының

ІІ орын жүлдегері  Серікбаева Айнаш –

10б сынып оқушысы;

Пән мұғалімі: Сыздықова С.А.

     Топты жарып, жүзден жүйрік атанып, озып шығып,  мектеп мәртебесін тағы да жеңіс тұғырына көтерді.

«Зерде» мектебі мәртебесін асқақтатқан шәкірттеріміз бен ұстаздарымызға шексіз алғысымызды білдіріп, Тәуелсіздігіміздің туын желбіретер мереке қарсаңындағы жеңіске толы қоржындарыңыз ортаймай, пән олимпиадасының қормақты кәдесіне ұласуын тілейміз!

Мектеп ұжымы