Қарулы күштерге 25 жыл

    Мектебімізде 3 мамыр күні Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің  25жыл мерей тойына орай саптық жүріс, патриоттық  әндер сайысы өтті.  Сайысқа 5-10 сынып оқушылары қамтылды. Саптық байқауда  топ  ұраны, әні,  саптық жүріс, командирдің  бұйрық беруде  ережеге сай орындауы сыналды. Патриоттық ән орындауда  10а,б, 8б, 6б,5а өздерінің сезімдерін , Отанға деген сүйіспеншілігімен  ерекше  көзге түсті. Бөлімше басшылары – Махамбетов Рамазан, Мешітбай Жүсіп бұйрық беруде, саптық жүрістеерекшеленді.. Жүзден жүйрік озып шығып, мінсіз саптық құрамымен, ережеге сай  саптық жүріспен , өзін-өзі ұстау  әдебімен көзге түскен 10 «А» ,  5 «А» сынып оқушылары   жеңімпаз атанды.

Қазақ елінің болашағы осындай патриот жастарынан басталады!