11 қаңтар күні мектепте Президент жолдауы талқыланды

Зерде дарынды балалар мектебінің ұжымы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына жасаған кезекті жолдауын жылы қабылдады. Әсіресе педагогикалық ұжымда білімді дамыту, рухани жаңғыру, мұғалім мәртебесін көтеру мәселелері қызу талқыланды. Тарих пәндерінің мұғалімдері Р.Жантемирова, Ә.Темирханова, А.Тұрғанбаевакәсіподақ комитетінің төрайымы Ү.Кенжебековалар жолдауда көрсетілген 10 міндеттер бойынша өз ойларын ортаға салды. Мектеп директоры Н.Б.Кафизов «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасына тоқталды. Мектептің материалдық-техникалық базасының жылдан жылға жақсарып келе жатқанын, интернет желісінің жылдамдығының 20 мб/с жеткендігін, оқушылардың оқу процесінде бүкіләлемдік ақпараттық ресурстарға қол жеткізіп отырғанын атап өтті. Мектептегі 4 мұғалімнің B1 сертификатын алғандығын және қаңтар айынан бастап информатика пәнін ағылшын тілінде беретін Г.Жумадиловаға, биология пәнінен факультативті ағылшын тілінде беретін А.Мамыноваға үстемақы төленетінін жеткізді. Зерде дарынды балалар мектебінің ұжымы білім мазмұнын жаңарту бойынша жасалып жатқан реформаларға қолдау көрсететін жеткізді.