Оқу жылының соңғы тоқсанында шәкірттеріміз әр түрлі деңгейде мектеп намысын абыроймен қорғап, дарындылар қоржынына қомақты жеңістер сыйлады! «Астана – асыл арманым» атты қалалық интеллектуалдық сайыста 9-сынып оқушысы Есентай Адия І дәрежелі Диплом мен кубок жеңіп алса; облыстық Робототехника сайысында 7,9-сынып оқушылары Якупов Ерназар мен Байғожин Темирлан ІІ орын; Республикалық «Жас қазақстандық – патриоттар Академиясы Президиумының Мүшесі» атағын 8-сынып оқушысы Манапова Зарина иеленіп, жаз айында өтетін Елбасымен кездесу форумына қатысу құқығына ие болды! Өнер сайысында топ жарған 8-сынып оқушысы Манарбек Мұхтар халықаралық өнер додасында ІІ орынды; Жеңіс күні қарсаңында өткізілген облыстық сайыс «Саптық байқауда» жүлделі ІІІ орынды иеленді! Еліміздің болашағын көркейтер, елжанды, білімді, адамгершілігі мол азамат болыңдар!