Жаңалықтар

Қолайсыз ауа райының метеожағдайына байланысты 19.11.2016 күні 1-9 сыныптарда сабақ тоқтатылды.

Толығырақ: 19 қараша күні 1-9 сыныптарда сабақ тоқтатылды

 2 қараша күні Павлодар қаласында 35 мектепте IV облыстық бастауыш сынып оқушылары арасындағы математикалық турнир өтті. Мақсаты -  оқушылардың интеллектуалды деңгейін анықтау. Турнирге 41 команда – 123 оқушы, сонымен қатар Ресей федерациясынан Омск қаласынан № 140 гимназия мектебінің 6 оқушы қатысты.Турнир екі кезеңнен өтті. Бірінші кезеңде командаларды жоғарғы, бірінші, екінші  лигаларға бөлу үшін жазбаша жұмыс берілді. Бұл кезеңде 8 тапсырма берілді, тапсырманы орындауға 25 минут берілді.  Екінші кезеңде  ауызша командамен жұмыс, жеке жазбаша жұмыс  өткізілді.Турнир барысында мектебіміздің оқушылары  өз білімдерін, логикалық ойлау деңгейлерін  көрсете алды. 3-сынып оқушысы Ержанұлы Мирас, 4-сынып оқушысы Әдіман Ержан, 2-сынып Кажимова Сұлу екінші лига құрамында өз білімдерін көрсетіп, ІІ дәрежелі дипломға ие болды.  Дайындаған мұғалімдері: Камзина Д.К, Махметова Ж.К, Айтимова  А.Б, Ибадильденова А.А.  

 

"Зерде" 1-7 сынып оқушылары арасындағы XII республикалық зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсы облыстық кезеңінде мектебіміздің қоржыны қомақты жүлдемен оралды. Мектебімізден 6 оқушы әр түрлі тақырыпта жоба қорғап, жүлделі орындарға ие болды. Атап айтар болсақ,  2 сынып оқушысы Қанат Абдуллах "Кристаллдар" тақырыбы жетекшісі Махметова Ж.К; 4 сынып оқушысы Токбердинова Лейла "Қаламның шығу эволюциясы" тақырыбы жетекші Айтимова А.Б; 4 сынып оқушысы Зейнолла Мағжан "Цифрограмма - ақыл ойды дамыту құралы" тақырыбы жетекшісі Айтимова А.Б;  4 сынып оқушысы Естай Алихан "Қазақ ертегілеріндегі батырлар бейнесі" тақырыбы жетекшісі Жетпісбаева Т.К; 6 сынып оқушысы Абсаттарова Амина " Екібастұз өңіріндегі Қожа ұрпақтарының рөлі " тақырыбы жетекшісі Темірханова А.Б; 7 сынып оқушысы Биксултанов Диаз"Жоңғар шапқыншылығы кезіндегі соғыс айлалары" тақырыбы жетекшісі Темірханова А.Б.

Толығырақ: Ғылыми жоба.

Бүгінде шетелде оқуға ниетті немесе шетелдік компанияда жұмысқа тұрғысы келетін адамға қойылатын басты талаптың бірі – ағылшын тілін жетік меңгеру. Мұндай іске қадам жасаған адам ең алдымен ағылшын тілінен тестілеуден өтуі тиіс. Халықаралық тестілеу жүйесіне 4 деңгейді жетік меңгерген адам ғана жіберіледі. Осы тестілеу жүйесіне өз қаржылары есебінен дайындалып, сәтті тапсырған үш түлегіміз – Манарбек Нұркенов, Қуаныш Сайлау және Мадина Бекбергеновалар бүгінгі күні Назарбаев университетінде білімдерін жалғастыруда. Оқушыларымызды «IELTS»-қа дайындауда мектебіміздің ағылшын тілі мұғалімдерінің біліктілігі жеткілікті, дегенмен арнайы рұқсат берілген сертификат болуы тиіс. Осы жағдайды ескеріп, мектеп әкімшілігі биылғы оқу жылында ағылшын тілі пәнінің білікті де іскер маманы Нуркенова Дидар Тлегенқызын  Павлодар қаласындағы «Новое поколение» орталығында ақылы оқытты. Дидар Тлегенқызы жаттықтырушы сертификатын иеленді. Сертификат нәтижесінде ағылшын тілінен қосымша сабақтар енгізілді. 10-11-сыныптың 12 оқушысын аптасына үш рет ағылшын тіліне дайындап, Еуропалық стандартқа сәйкес 4-ші деңгейдегі балалармен жұмыс жүргізіледі. « Бұл – тың жоба, үйрену үшін көп күш, үздіксіз дайындық қажет.Тілді үйрену төрт сатыдан тұрады: 1. Тыңдап түсіну; 2. Оқылым; 3. Жазылым; 4. Айтылым. Осы төрт саты бойынша алған білімдерінен жыл соңында сынақ тестін тапсырады» - дейді Дидар Тлегенқызы. Мектебіміздің  өз оқушыларына осындай тамаша жағдай туғызып отыруы қуантарлық жайт. Болашақта «IELTS» тестілеуден жоғары ұпай жинап, халықаралық Назарбаев, шетел университеттеріне түсетін  оқушыларымыздың қатарының артатынына сеніміміз мол.

                                                               Мектеп баспасөз орталығы 

Бүгінгі күн – білім беру мазмұнына, оқушы мен педагог тұлғасына және қызметіне деген көзқарастардың түбегейлі өзгеріске бет бұрып отырған кезеңі. Қазақстанның әлемдік үрдістерге кіруі, дамыған елдердің стандарттарына деген ұмтылысы білім беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейге өту қажеттілігін арттыруда.

Толығырақ: Заманауи талапқа сай болу – «Зерде» мектебінің басты мақсаты