Жаңалықтар

Бақыт жолы – білімде
Еркін елдің ертеңі – кемел білім мен кемел ғылымда

Нұрсұлтан Назарбаев

 

Қазіргі заманғы қоғамда адамнан тек білімді болуын талап етіп қана қоймай, жоғары деңгейдегі мәдениет, ғылым мен техниканың түрлі салаларында терең мамандануын ғана емес қоғамда өмір сүріп, тіршілік ете білуді талап етеді. Баланың тұлғалық дамуының негізгі параметрлері оның жалпы адамзаттық құндылықтарға бағытталуы, ізгілік, зиялылық, креативтілік, белсенділік, жеке басының намыс сезімі, ой-пікірдегі тәуелсіздік болып табылады. Осы қасиеттердің даму деңгейі тұлғаның әлеуметтік қалыптасу мен әлеуметтік біліктілігінің көрсеткіштері деп қарастыруға болады.

Елбасы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдауында «Тілдердің үштұғырлылығы» мәдени жобасын кезеңді жүзеге асыруды бастауды ұсынды. Үш тілді меңгерген халықтың бөлігі 2020 жылы - 15% құрау керек деген міндет қойылып  отыр. Елбасы «Қазір біз балаларымызқазақ тіліменқатарорысжәне ағылшынтілдерін де белсенді меңгеру үшін жағдай жасауға шаралар қабылдап жатырмыз»- деп, осы мәселеге орай белсенді түрде іс жүргізу қажеттігін белгілеп берді.

Толығырақ: Бақыт жолы – білімде

a22Бастауыш сынып ата-аналарының арасында «Шаңырақ» отбасылық сайысы өтті. Оған Жүсіповтар жанұясы, Салықовтар жанұясы, Жансейітовтар жанұясы, Тұрмағанбетовтар жанұясы, Толеухановтар жанұясы қатысты.

Бағдарламада «Таныстыру», «Отбасы өнері», «Аналарға арналған сайыс»,   «Әкелерге арналған сайыс», «Бақытты отбасы» постерін қорғау болды. Отбасын таныстыруда ән, бейне баян  және отбасы дәстүрі арқылы көрсетті.

Толығырақ: «Шаңырақ» отбасылық сайыс өтті.

Әрбір жыл мезгілі өзінің қасиеттерімен ерекшеленеді, солардың бірі күз мезгілі. Бұл мереке мектебіміздің өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен өткізіледі.

«Алтын күз»  мерекесі 19 - 21 қазан аралығында өтті. Ұжымдық тәрбие негізіне сүйеніп, өткізілетін мерекеде ата-ана, ұстаз, оқушы белсенділігі көзге түсті.

Бастауыш сыныптарда: 1-сынып «Ғажайып ертегі», 2а сынып «Белсенді» ұжым, 2б сынып «Талантты» ұжым, 3-сынып «Өнерлі»ұжым, 4-сынып «Дарынды»ұжым.

Орта буында:  5а-сынып «Дарынды», 5б - сынып «Зерделі», 6а сынып «Шығармашыл» ұжым, 6б сынып «Талантты» ұжым, 7-сынып «Өнерлі» ұжым, 8а сынып «Көркем» ұжым, 8б сынып «Белсенді» ұжым.

Толығырақ: Алтын күз. 2016

a111Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында мектепте  «Әкем, шешем және мен» спорттық-эстафеталық сайысы өтті.  2 сыныптардан Қайролла жанұясы, Мерғалиев жанұясы,  Тұраров жанұясы, Күзенбаев жанұясы қатысты.  

Бағдарламаның бірінші бөлмінде жанұялар өздерін таныстырса, екінші бөлімде эстафеталық ойындарға қатысты: Кім жылдам, Секіртпемен жүгіру, Допты хоккей, Топты көшіру, Хан талапай, Арқан тарту.

Қатысқан отбасыларға «Зерде» даму қоры атынан бағалы сыйлықтар берілді.

Абай атамыз «Ақындық – Алланың адамға берген сыйы» деген екен. Яғни, бұл бойыңа бала жасыңнан, анаңның сүтімен бірге даритын қасиет деген сөз. Бірақ, өкінішке қарай, өлең деген қазір зейнеткерлер мен еріккендердің ермегіне айналып барады. Бұл – мәртебелі поэ-зияны ашықтан-ашық қорлау деген сөз. Бірақ біздің қоғам оған қарап жатқан жоқ.

Толығырақ: Ерболат пен Еламан