Жаңалықтар

 

Көненің көзі, ақылдың бұлағы

Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Қарттар – біздің асыл қазынамыз. Ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қарттар күні – сұлу табиғатымыздың мол өнім беретін, күннің жайма шуақ сәулесімен қуантатын, алтын күз әсемдігімен тұспа-тұс келетін мереке. Біз өнеге тұтып, әлі де ақыл-кеңес, тәжірибе алатын, өмірдің небір қиындықтарын қайыспай жеңе білген ата-әжелерімізге бас иетін күн.

Толығырақ: Қарттар күні

ХVІІІ облыстық «Мәшһүр - Жүсіп» оқуларының «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген...»

«Білімді зерек адам болам! десең...» бағыттары бойынша 8 «Б» және 9 «Б»  сынып оқушылары Жангалиев Дамир,Ахметуллина Айдана  жүлделі ІІІ орынды жеңіп алды!!!

Алғашқы білім сайысындағы жеңістерің құтты болсын!

 Пән мұғалімдері:Ерботина Анар АмантайқызыДүсіпова Ақлес Әділбайқызы

 

  Мектеп намысын жоғары ұстайтын, тіл мәртебесін арттыруға өз үлестерін қосатын оқушыларымыздың қатарын арттырдыңыздар, ақын шығармашылығын насихаттаудағы еңбектеріңізге алғыс айтамыз!!!

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар:

 

Ата-анасының өтініші,

Туу туралы куәліктің көшірмесі,

Тұрғылықты мекен-жайынан анықтама.

Соңғы 2 оқу жылының табель көшірмесі, (5-9 сыныптарға)

Мектеп алды даярлық тобынан өткендігі туралы анықтама (1 сыныпқа)

Конкурсқа құжаттарды қабылдау 26 мамырға дейін жүргізіледі.

Республикалық, облыстық пән олимпиадаларының жеңімпаздары мектепке конкурстан тыс қабылданады.

5-9 сыныптарға конкурс 2 кезеңнен өтеді.

І кезең. 27 мамыр, сенбі, сағ. 10.00

Математика пәнінен тест — 20 сұрақ

Қазақ тілінен жазбаша сынақ  — 10 сұрақ

Логикалық ойлау қабілетін анықтайтын психологиялық тест.

ІІ кезең. 29-31 мамыр.

І кезеңнен өткен оқушыларға математика және қазақ тілінен сабақтар ұйымдастырылады.

2 кезең қорытындысы 2 маусымда шығарылады. 

 

Сүйінші !!!    03мамыр күні өткен  ХVІІ облыстық Абай оқуларының

«Өлең – сөздің патшасы...» номинациясында 10а  сынып оқушысы

Серикбаева Қарлығаш  жүлделі  ІІ орынды жеңіп алды.

Пән мұғалімі: Сыздықова Сандуғаш Ағзапқызы

Мектеп тарихындағы Абай оқуында бағындырған белестердегі алғашқы

 ІІ орын!!!

 Ақын өлеңдерін жаттаудағы,  ақын мұрасын насихаттаудағы  еңбектеріңізге алғыс айтып, алдағы республикалық кезеңге сәттілік тілейміз!!!

                                                                                   

 

 

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар:

 

Ата-анасының өтініші,

Туу туралы куәліктің көшірмесі,

Тұрғылықты мекен-жайынан анықтама.

Соңғы 2 оқу жылының табель көшірмесі, (3-11 сыныптарға)

Мектеп алды даярлық тобынан өткендігі туралы анықтама (1 сыныпқа)

Республикалық, облыстық пән олимпиадаларының жеңімпаздары мектепке конкурстан тыс қабылданады.

Математика пәнінен тест — 20 сұрақ

Қазақ тілінен жазбаша сынақ  — 10 сұрақ

Логикалық ойлау қабілетін анықтайтын психологиялық тест.