Әрбір жыл мезгілі өзінің қасиеттерімен ерекшеленеді, солардың бірі күз мезгілі. Бұл мереке мектебіміздің өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен өткізіледі.

«Алтын күз»  мерекесі 19 - 21 қазан аралығында өтті. Ұжымдық тәрбие негізіне сүйеніп, өткізілетін мерекеде ата-ана, ұстаз, оқушы белсенділігі көзге түсті.

Бастауыш сыныптарда: 1-сынып «Ғажайып ертегі», 2а сынып «Белсенді» ұжым, 2б сынып «Талантты» ұжым, 3-сынып «Өнерлі»ұжым, 4-сынып «Дарынды»ұжым.

Орта буында:  5а-сынып «Дарынды», 5б - сынып «Зерделі», 6а сынып «Шығармашыл» ұжым, 6б сынып «Талантты» ұжым, 7-сынып «Өнерлі» ұжым, 8а сынып «Көркем» ұжым, 8б сынып «Белсенді» ұжым.

Толығырақ: Алтын күз. 2016

Абай атамыз «Ақындық – Алланың адамға берген сыйы» деген екен. Яғни, бұл бойыңа бала жасыңнан, анаңның сүтімен бірге даритын қасиет деген сөз. Бірақ, өкінішке қарай, өлең деген қазір зейнеткерлер мен еріккендердің ермегіне айналып барады. Бұл – мәртебелі поэ-зияны ашықтан-ашық қорлау деген сөз. Бірақ біздің қоғам оған қарап жатқан жоқ.

Толығырақ: Ерболат пен Еламан

ХVІІІ облыстық «Мәшһүр - Жүсіп» оқуларының «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген...»

«Білімді зерек адам болам! десең...» бағыттары бойынша 8 «Б» және 9 «Б»  сынып оқушылары Жангалиев Дамир,Ахметуллина Айдана  жүлделі ІІІ орынды жеңіп алды!!!

Алғашқы білім сайысындағы жеңістерің құтты болсын!

 Пән мұғалімдері:Ерботина Анар АмантайқызыДүсіпова Ақлес Әділбайқызы

 

  Мектеп намысын жоғары ұстайтын, тіл мәртебесін арттыруға өз үлестерін қосатын оқушыларымыздың қатарын арттырдыңыздар, ақын шығармашылығын насихаттаудағы еңбектеріңізге алғыс айтамыз!!!

 

Көненің көзі, ақылдың бұлағы

Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Қарттар – біздің асыл қазынамыз. Ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қарттар күні – сұлу табиғатымыздың мол өнім беретін, күннің жайма шуақ сәулесімен қуантатын, алтын күз әсемдігімен тұспа-тұс келетін мереке. Біз өнеге тұтып, әлі де ақыл-кеңес, тәжірибе алатын, өмірдің небір қиындықтарын қайыспай жеңе білген ата-әжелерімізге бас иетін күн.

Толығырақ: Қарттар күні

Сүйінші !!!    03мамыр күні өткен  ХVІІ облыстық Абай оқуларының

«Өлең – сөздің патшасы...» номинациясында 10а  сынып оқушысы

Серикбаева Қарлығаш  жүлделі  ІІ орынды жеңіп алды.

Пән мұғалімі: Сыздықова Сандуғаш Ағзапқызы

Мектеп тарихындағы Абай оқуында бағындырған белестердегі алғашқы

 ІІ орын!!!

 Ақын өлеңдерін жаттаудағы,  ақын мұрасын насихаттаудағы  еңбектеріңізге алғыс айтып, алдағы республикалық кезеңге сәттілік тілейміз!!!