“Language – the golden bridge of friendship” is the title of the week, which was held from the 17-th to the 20-th of September in our school “Zerde”.
The main aim of this event is to make students to respect all nationalities and languages of our multinational country.
Kazakhstan is a home to many different people who have various traditions and languages. Every year in September there is a “Day of Languages” which celebrates all the languages people speak in the country.
The solemn event of the 1-st day was held at school on Monday.
“Merry starts” competition was spent in English between two 4-th grades. Children could use their knowledge of English and sport skills. 4b class showed their creativity in greeting task. 4a class showed their good knowledge of language and fast reaction in the situation

 

2018 жылдың 8 және 9 қыркүйек күндері «Зерде» мектебінде ХХІ ғасыр ата - аналарының жауапкершілігін арттыруға, отбасы құндылықтарын дәріптей білуге арналған " XXI ғасырда Қазақстандық ата- ана: Өз балаңа үлгі бол" атты республикалық конференция өтті. Аталмыш шараның басты мақсаты - бірінші сынып оқушыларының және 10-11 сынып ата-аналарына психологиялық-педагогикалық тұрғыда көмек көрсету. Конференцияда отбасы құндылықтары, бала тәрбиесі, мектепке бейімделу және басқа да оқушылар мен ата-аналар үшін өзекті тақырыптары қозғалды. Ата - аналарға маңызды кеңестер беріліп, сәттілік тіледік.

Облыстық білім беру басқармасы «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2018 жылғы 11 қаңтарда облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатында облыстық «Ақберен» байқауы өтті. Байқауға 5 аудан, 3 қала және мамандандырылған мектептерден қатысқан 83 оқушының арасында мектебімізден қатысқан11 «А» сынып оқушылары Жунусова Мадина мен Қайыркен Нұргүл "Көркем  сөз", "Шығарма жазу"  бағыттары бойынша ІІІ дәрежелі дипломды иеленді.                    Пән мұғалімі: Дусупова Аклес Адильбаевна

Оқу жылының соңғы тоқсанында шәкірттеріміз әр түрлі деңгейде мектеп намысын абыроймен қорғап, дарындылар қоржынына қомақты жеңістер сыйлады! «Астана – асыл арманым» атты қалалық интеллектуалдық сайыста 9-сынып оқушысы Есентай Адия І дәрежелі Диплом мен кубок жеңіп алса; облыстық Робототехника сайысында 7,9-сынып оқушылары Якупов Ерназар мен Байғожин Темирлан ІІ орын; Республикалық «Жас қазақстандық – патриоттар Академиясы Президиумының Мүшесі» атағын 8-сынып оқушысы Манапова Зарина иеленіп, жаз айында өтетін Елбасымен кездесу форумына қатысу құқығына ие болды! Өнер сайысында топ жарған 8-сынып оқушысы Манарбек Мұхтар халықаралық өнер додасында ІІ орынды; Жеңіс күні қарсаңында өткізілген облыстық сайыс «Саптық байқауда» жүлделі ІІІ орынды иеленді! Еліміздің болашағын көркейтер, елжанды, білімді, адамгершілігі мол азамат болыңдар!

 

 

 

Зерде дарынды балалар мектебінің ұжымы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына жасаған кезекті жолдауын жылы қабылдады. Әсіресе педагогикалық ұжымда білімді дамыту, рухани жаңғыру, мұғалім мәртебесін көтеру мәселелері қызу талқыланды. Тарих пәндерінің мұғалімдері Р.Жантемирова, Ә.Темирханова, А.Тұрғанбаевакәсіподақ комитетінің төрайымы Ү.Кенжебековалар жолдауда көрсетілген 10 міндеттер бойынша өз ойларын ортаға салды. Мектеп директоры Н.Б.Кафизов «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасына тоқталды. Мектептің материалдық-техникалық базасының жылдан жылға жақсарып келе жатқанын, интернет желісінің жылдамдығының 20 мб/с жеткендігін, оқушылардың оқу процесінде бүкіләлемдік ақпараттық ресурстарға қол жеткізіп отырғанын атап өтті. Мектептегі 4 мұғалімнің B1 сертификатын алғандығын және қаңтар айынан бастап информатика пәнін ағылшын тілінде беретін Г.Жумадиловаға, биология пәнінен факультативті ағылшын тілінде беретін А.Мамыноваға үстемақы төленетінін жеткізді. Зерде дарынды балалар мектебінің ұжымы білім мазмұнын жаңарту бойынша жасалып жатқан реформаларға қолдау көрсететін жеткізді.