Жаңалықтар

 

Қазанның 18-і Алматы қаласында өткен «Қазақстан тарихы» әдістемелік журналының 10 жылдығына арналған «Қоғамдық пәндерді оқытудың әдіс – тәсілдері, тәрбиелік мәні және проблемалары» атты Республикалық ғылыми – тәжірибелік конференцияға Павлодар облысы атынан Темірханова Әлия Бекешовна қатысты. «10 жыл бойы журналдың тұрақты авторы мен оқырманы болғаны үшін «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

 

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің аймақтық форумында  кәсіби шеберлігі мен олимпиада қозғалысының дамуына қосқан үлесі үшін Нұртаева Назымгүл Құдышқызына Павлодар облысы білім беру басқармасының басшысы Б.Бексейітованың құттықтау хаты және облыс әкімі Е.Арынның бағалы сыйлығы берілді.